Қытай этносының дүниетанымдық негіздері

Мамбетова Гульмира Баймаханбетовна
Преподаватель философии и культурологии
Многопрофильный медицинский колледж «Туркестан»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Әлемдік деңгейде танымал Қытай мемлекетінің мәдениетін, ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын танып білу.

2.Дамытушылық: Салыстырмалы ойлау қабілетін арттыру, талдау, қорытынды шығару, танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Ірі тұлғалардың мұраларын игеру арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бабалар рухын құрметтей білуге, әсемдікті сезіне білуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту технологиясы: Топтық жұмыс. Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі: Кластер, сұрақ-жауап, слайд, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Интертақта, слайд, сурет, бейне материал.

Пәнаралық байланыс: Философия, тарих, шығыс медицинасы, география.

Пәнішілік байланыс: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті- Оқушыларды түгендеу. Топты екіге бөлу. Топ басшысын сайлап, оларды сабақтың барысымен таныстыру. Әрбір топтың бір-бір емші-оташыларын белгілеу. Біздің сабақ жағдайында емщі-оташылар дұрыс жауап бере алмағандарға дер кезінде көмекке келе алады.

Бұл сабақта «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ойыммен істеген ісімді түсінемін» ұстанымы алға қойылады. Бұл әдістің артықшылығы – білім алушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Кластер әдісі. Дін ұғымына қатысты сөздерді интертақтада белгіле.

(Сенім, секта, мешіт, шіркеу, анимизм, рух, әруақ, жан, теология, тылсым, мифология, құдірет, )

«Ғажайып алаңы». Өткен тақырыпқа ғажайып алаңдағы берілген сұрақтарға жауап беру арқылы қайталау жасалынады.

1.Дін дегеніміз не.

(Дін- әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық, психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері қалыптасып келеді. Дінді - құдай мен адам арасындағы қарым-қатынас, адамның танымынан тыс құдіретті күштердің барлығын мойындау және соған илану деп түсіндіреді.)

2.Мифология дегеніміз не.

(Миф- дегеніміз аңызға сүйену деген мағынаны білдіреді. Ол алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бөлігі болып табылады. Адамзат санасының алғашқы формасы ретіндегі мифологияда адам мен табиғат арасындағы бірлік ерекще дәріптеледі. Көне замандарда егіншілік пен бақташылық, тіпті қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғатпен сырлас болуды талап етеді. Мыс: скиф-сақ өркениетіндегі «аң стилі», Қытайдың «инь» «янь» бастамалары, Мысыр мен Шумердегі өліп қайта тірілу туралы аңыздар табиғатпен үйлесімділікке шақыратын рәміздер болып табылады.)

3.Көне діндерді ата.

(Фетишизм, анимизм, тотемизм, магия, Көк тәңірі)

4.Фетишизм дегеніміз не.

(Фетишизм – түркі халықтарының өмірі мен дүниетанымында елеулі орын алған көне сенімдердің бірі болып табылады. Пұтқа табыну деген мағынаны білдіреді, яғни, адамның жансыз затқа деген қатынасын көрсетеді.Мысалы, қазіргі таңдағы бойтұмар тағу үлгісі сол фетишизмнің белгілі біркөрінісі болып табылады.)

5.Анимизм дегеніміз не және оның түркі халықтары дүниетанымындағы ролі

(Анимизм- рухқа табыну деген мағынаны білдіреді. Әруақты құдай тұту көшпелілердің ата-тектік әлеуметтік өмірімен тығыз байланысты болған. Әрбір рудың өз ұраны болған. Мысалы: қалмақтармен соғыста қазақтар Алланың атынан гөрі Абылайды, Қабанбайды т.б. ерлігімен көзге түскен тұлғаларды ауызға алып ұран етіп отырған. Ата-бабаларды пір тұту дәстүрі көне діни сенімдермен тығыз байланысты болған. Сондай-ақ жанның өлмейтіндігі туралы анимистік көзқарасы қолданған. Түрік тайпалары өлген адаммен бірге оның қаруын, жеке заттарын және тұлпарын бірге көмген. «Әкесіне ат мінгізіп жіберді, әруағын сыйлады» тіркесі осыдан қалған. Ал әкесінің әруағын сыйлай білмегенді келемеждеп: «Әкесіне сиыр мінгізді» деген.)

6.Түркі халықтарындағы тотемдік нанымдардың орын алуы.

(Тотемизмде-әрбір ру немесе тайпа өзінің шығу тегін аңдар немесе құстар мен байланыста қарастырды. Әғни шығу тегі – қасқыр, бұғы, қабылан, арыстан, бұркіт сияқты ерлік пен жігерлілікті білдіретін жануарлар мүмкін болған. Мысалы: түркі тайпалары көбінесе өз ата-тегін - қасқырмен, түлкімен; үнді халықтары – сиырмен; қытайлықтар- айдаһармен және т. б. байланыстырған. Қазақтардың түсінігі бойынша аруақтар тотемдер бейнесінде де көрінуі мүмкін. Мысалы, Абылайхан өзінің әруағы ретінде қызыл түкіні пір тұтқан. Сондай-ақ Әрбір түліктің жеке пірі болған. Мысалы, жылқынікі- Қамбар ата, қойдікі – Шопан ата, сиырдікі – Зеңгі баба, ешкінікі – Шекшек ата, түйенікі – Ойсыл қара).

7.Түркі халықтары дүниетанымындағы Көк Тәңірі ұғымының орын алуы.

(Тәңірлік дін- Ислам қалыптасқанға дейін қазақтың рухани мәдениетінде маңызды роль атқарған діни жүйелердің бірі. Басқада діндер сияқты рухтарды пайдаланбайды, дұғалап сиқырламайды. Ол тек Аспан еркін ғана хабарлайды. Тәңірлік дінде космологиялық пен этикалық мәселелер қамтылған. Мысалы, әрбір адам Аспан құдайына жалбарынып, қошамет көрсете табынған. Қолдарын аспанға көтеріп жақсы ақыл мен мықты денсаулық беруін тілеп отырған. Олай болса Тәңірлік діні басқа діндерге қарағанда Ислам тарапынан қолдау тапқан діни жүйелердің бірі болып табылады.)

8.Дін мен мифологияның байланысы мен айырмашылығы неде.

(Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі діннің өзі мифологияның негізінде пайда болған. Ал айырмашылығына келетін болсақ, мифология адам мен табиғат арасындағы байланысты, ал дін адам мен құдай арасындағы байланысты көрсетеді).

9.Діннің пайда болу себебін түсіндір.

(Көне заманда алғашқы қауым адамдары табиғаттағы болып жатқан құбылыстардың (найзағай, су тасқыны, өрттің болуы, адамның өлуі, талып қалуы) сырын түсіне алмады. Нәтижесінде әрқайсысының (таудың, судың, оттың, аспанның) өз киелілігі бар деп түсініп оларға табына бастады. Яғни алғашқы адам табиғаттан қорықты. Олай болса дін белгілі бір табиғи қажеттілігінің негізінде пайда болды.)

10.Түркі халықтары дүниетанымындағы отқа табыну нанымы.

(Қазақ даласындағы отқа май құю рәсімі ата-текке табынудың бір түріне жатады. Мысалы, қалыңдық отқа май құйғанда «От-ана, Май-ана, жарылқа» деген және сосын үш ретәруақтардың, ата-енелерінің құрметіне басын иген. Көне жазбаларда «Май- ана» деп жемістілік пен аналықтың құдайы Ұмайды айтқан. Ұмай Көк Тәңірі мен Жер Судан қолдау тапқан бүкіл тіршіліктің қамқоршысы, тұқым таратудың пірі болып табылған. Ежелгі түріктер Ұмайды өте сұлу және қайырымды, күліп ойнайтын, күміс шашымен аспанды жарқыратқан, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.)

3. «Сәйкестікті тап». Студенттердің танымдық ой-өрісін байқау мақсатында термин сөздермен жұмыс жүргізіледі. әғни термин сөздердің дұрыс анықтамасын табу керек.

 

Дінді оқытатын ілім қалай аталады

Теология

Бір құдайшылдықты білдіретін діни ілім

Монотеизм

Көпқұдайшылдықты білдіретін діни ілім

Политеизм

Бүкіл әлем жаратылыстан тыс өмір сүруші рух пен жанға толы болады деген көне ұғым

Анимизм

Өзінің шығу тегін аңдармен байланыстыратын діни ілім

Тотемизм

Сиқыр сөзінің баламасы болып табылатын ежелгі наным-сенім түрі

Магия

Құдайды, дінді жоққа шығаратын ұғым

Атеизм

Адамгершілікті білдіретін ілім

Гуманизм

Діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым

Табу

«Біріктіру»- мағынасын білдіретін грек ұғымы

Синкретизм

 

3.СӨЖ. Тапсырмаларды орындау

1-топ тапсырмасы: Қазақ мәдениетіндегі шаманизм (бақсы-балгерліктің ролі

Қытай этносының дүниетанымдық негіздері

2-топ тапсырмасы:

 

Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі діни және мәдени тұлғалардың аталуы.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде мынадай діни және мәдени тұлғалардың қабаттаса әрекет ететіндігін байқауға болады.

1.Молда

2.Бақсы

3.Зікірші

4.Пір

5.Үшкіруші

6.Ұшықтаушы

7.Тамыршы

8.Жауырыншы

9.Емші

10.Сопы

11.Диуана

12.Балгер

13.Құмалақшы

«Сергіту сәті» Оқушылар өздері дайындаған сөзжұмбақтарын бір-біріне жасырады.

1-топ «Ырымдар» 2-топ «Тыйымдар»

4.Білім деңгейін тестпен бақылау.

Оқытушы өтілген тақырыпқа қорытынды жасай отырып, студенттердің жалпы сабақ барысындағы белсенділігін, қатысуын, тапсырмаларды дәлме-дәл қаншалықты орындағаны жөнінде қысқаша мағлұмат береді. Ал бағалаудың толық түрі жаңа тақырыпты меңгеріп болғаннан кейін жасалады.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақырып: Қытай этносының дүниетанымдық негіздері

Жоспар:

1. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері.

2. Қытай медицинасының дамуы.

3. Көне Қытай философиясының негізгі ұғымдары.

4. Конфуций іліміндегі антропоморфизм мәселесі.

Тақырып бейнематериал, сызба арқылы түсіндіріледі.

Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы

Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемлекеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен-күнге күшейтіп отырған көршіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұстанымдарын танып білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі 8-7ғ. бастау алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, көрнекті философтарды дүниеге әкелді.

Қытай этносының дүниетанымдық негіздері

 

Қытай этносының дүниетанымдық негіздері

 

Қытай этносының дүниетанымдық негіздері

 

Қытай этносының дүниетанымдық негіздері

 

Оқушылардың алған білімін одан әрі жетілдіру үшін бекіту сұрағын қойып пысықтаймыз.

 

Салыстырмалы талдау жасау.

1.Көне Қытай мен түркі халықтары дүниетанымындағы ортақ байланыстарды анықта.

2.Конфуций мен Абай ілімдерінің байланысына талдау жаса

Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы өткен сабақтарда өтілгендіктен, оның адам болмысына қатысты көзқарастары бүгінгі сабақпен байланыстырыла талқыланады.

Қытай этносының дүниетанымдық негіздері

Үйге тапсырма: Қытай этносының дүниетанымдық мәселелері

 

Жоспар:

1.Қытайдағы материалдық және рухани мәдениетінің дамуы.

2.Қытай мәдениетіндегі ерекше ағымдардың пайда болуы (Конфуцийлік, даосизм).

3.Конфуций іліміндегі адам мәселесі

Қорытындылау: Бүкіл сабақ барысында әрбір берілген тапсырмаларды орындаудан студенттердің алған ұпайлары, бағалары арнайы бағалау парағына белгіленіп, көрсетіледі.

Бағалау парағы:

 

«Кластер»

«Ғажайып алаңы»

Терминді сөздермен жұмыс

СӨЖ

Тест

Салыстырмалы талдау жасау

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Мәдениеттану»

2.«Дінтану негіздері» Ғ. Есім, С. Қанаев.Алматы «Білім» 2003ж.

3.Интернет материалдар

скачать dle 11.0фильмы бесплатно