1-қыркүйек – білім күні

Кыдыралиева Жазира Сейлхановна
Учитель по истории и географии
Туркестанский медицинский многопрофильный колледж

1-қыркүйек – білім күні

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1-қыркүйек күні – білім күні, еліміздің Ата заңы-Конституция жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

2. Қонақтардың орналасуы

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.

4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру

5.Әнұран шырқалады.

6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)

7. Ән жолданады.

9. Салтанатты жиынның жабылуы.

Жүргізуші:

Алтын шапақ шашыратып көгінен,

Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.

Балапандай ұясына асыққан,

Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!

Жүргізуші:

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.

Жүргізуші:

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

Жүргізуші:

Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.

Ән орындалады

Жүргізуші:

Міне сыры мен қызығы мол, жанға сая болған жаздың жайма шуақ күндеріде артта қалып, білім шыңының тағы бір баспалдағына көтеріліп отырсыздар. Олай болса сіздердің ең алғашқы сәтімізді еліміздің Ата заңы Конституциямызға арнаймыз.

Жүргізуші:

Иә, 1991 жылы желтоқсанда КСРО ыдырап, құрамындағы одақтас республикалар егемендік алды. Біздің елімізде Қазақстан республикасы деп жарияланып, өз алдына дербес мемлекет болды. Қазақстанның егемендігі туралы Декларация, мемлекет тәуелсіздік туралы Заң, Конституциямыз қабылданды.

Жүргізуші:

Қазіргі уақыттағы негізгі құқықтық құжат ол – Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы болып табылады. Ата заң қабылданған күн демалыс – мемлекеттік мереке – Қазақстан республикасы Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция еліміздің төртінші Ата заңы.

Жүргізуші:

Біздің соңғы Конституциямыздың басты құндылығы Республикамыз өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жарияланумен қатар, өзінің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы екенің, мемлекеттік биліктің бірден бір бастауын – халық екенің айқындап берді. Басқы мақсаты – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады.

Жүргізуші:

Сондықтан да ендігі мақсатымыз осы Конституцияның бұлжытпай орындалуы мен елімізге мүлтіксіз қызмет етуін қадағалап, соның мерейінің үстем болуына ат салысу керек деп түсінеміз.

Ән орындалады :

Жүргізуші:

Түлектерім тас қияға өрледі,

Шетелден де жүлдесіз боп келмеді.

Биіктерді бағындырсақ ұжым боп,

Колледж басшысының еңбегі,-дей келе салтанатты жиынымыздың алғашқы сөз кезегі колледж басшысына беріледі.

Жүргізуші:

Қандай ғажап қарашы жан- жағыңа,

Күміс күлкі симай тұр, қара мұңға.

Ата-анадай бақытты бар ма екен жан,

Қол жеткізген аңсаған арманына.

Жақсы шәкірт Азамат атанады,

Халқынан,ата-анадан бата алады .

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Ән орындалады

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар оқушылар! Осымен Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно