Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны

Мамбетова Гульмира Баймаханбетовна
Преподаватель философии и культурологии
Многопрофильный медицинский колледж «Туркестан»

Сабақтың тақырыбы: Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны

I Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:

1991ж. желтоқсанда басқа да одақтас Республикалармен қатар тоталитаризм бұғауында болып келген Қазақстанның тұңғыш рет өзінің жаңа тарихында егемендігін алып, бұдан әрі жан-жақты тәуелсіз дамуына жол ашылды. Республиканың тәуелсіз дамуының жыл санауы 1991ж 16-желтоқсанынан, яғни «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңды қабылдағаннан басталады. Бұл заң тарихи маңызға ие. Ол қазақ халқының өз алдына дербес мемлекеттілігін алуға деген ғасырлар бойғы арманы мен ұмтылысын жүзеге асырды. Қазақстан Республикасы тәуессіздігі туралы Заңымыз қазақ ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрі мен ана тілін қайта жаңғыртуға және дамытуға , ұлттық мақтаныш сезімін нығайтуға жол ашты. Халықтың әл-ауқаты артып, демократиялық қоғам құруға бет бұрған елімізде игі шаралар жүргізіліп, біз дүниежүзі мойындаған тәуелсіз елге айналдық. Қазақстанды мекендейтін әр ұлт өкілдерінің шынайы достығы, өзара түсініктігі, бір шаңырақтың астында бейбіт еңбек етіп, өмір сүруі - Елбасының терең саясатының нәтижесі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқыту: Студенттерге Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін, бейбітшілікті қорғау, экономикалық байланыстарды нығайтып дамыту, Республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдай жасау керектігі жөнінде түсінік беру.
  2. Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбие, экологиялық, айналадағы ортаны қорғау, патриоттық тәрбие беру.
  3. Дамыту: Қазақстан Респуликасы үшін халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелерді-қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдауды шешу, жалпыадамзаттық қазыналардың басымдылығын, адам өмірі ең жоғарғы құндылық, қазына екендігін ұғындыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Топқа бөлу, сұрақ-жауап, баяндау, интерактивті тақтаны қолдану, прблемалық есептерді шешу, талдау.

Оқытудың технологиясы: Ұжымдық технология. Проблемалық оқыту.

Көрнекілігі: Трек сызбалары, бейне материалдар, сызба.

Пәнаралық байланыс: Тарих, құқық, мәдениеттану, әлеуметтану

Пәнішілік байланыс: «Саясат және дін», «Саясат және адамгершілік»

Сабақтың өту жоспары:

1.Ұйымдастыру сәті: 2-3мин.

2. Оқытушының кіріспе сөзі-2-3мин. Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру.

3. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша сұрау—20-25 мин.

3.1 «Халықаралық ұйымдар» тапсырмасы бойынша кестені толтыру және оларды талдау. 5-6мин.

3.2 Терминді сөздермен жұмыс жүргізу. Сөзжұмбақ . 3-4мин.

4. СӨЖ. Студенттердің тақырыпқа сай өздері дайындаған қосымша материалдармен жұмыс жүргізуі, талдауы. 10-15мин.

5. Білім деңгейін тестпен бақылау. 5-6мин.

6. Жаңа тақырып түсіндіру - 20мин.

7. Жаңа тақырыпты пысықтау-5мин.

8. Қорытындылау-2мин.

9. Бағалау- 2-3мин.

I. Ұйымдастыру сәті: 2-3мин. Студенттердің түгел сабаққа қатысуын қадағалау, топқа бөлу. Топқа сабақтың барысымен таныстыру.

II.Сабақтың барысы. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Адамзат дамуының тарихи өткелдеріне көз жүгіртсек жеке-жеке мемлекет болып өмір сүрген халықтар ежелден өзара қарым-қатынаста болған. Ертеректе қатынастардың көбі бір-біріне қорқытып күш қолдану арқылы, мықтысы әлсізіне айтқанын істеткен, ол саясатпен реттеліп отырған.

Бірде-бір мемлекет әлемдік қауымдастықтың мүдделерін есепке алмай, бір жақты іс-әрекет қабылдауға ерікті емес. Сондықтан, бейбітшілік прогресс жолымен алға жылжуы үшін халықаралық қатынас шеңберінде ол барлық елдер мен халықтарының мүдделерінің тепе-теңдігіне жетуіне ынталы болуы тиіс.

Халықаралық қатынас теориясында «Сыртқы саясат» терминімен қатар «Халықаралық саясат» және «Халықаралық қатынас» ұғымдары да қолданылады. Бұл ұғымдар бүгін халықаралық жүйе жабық емес, ашық жүйе екендігімен түсіндірді. Оның субъектілері мемлекет ғана емес, сонымен қатар халықаралық ұйымдар, ұлтаралық монополиялар, ұлттық құрылымдар, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, кейде жеке адамдар болып табылады. Аталған процесті жүзеге асырудың құралы, халықаралық саясат пен бірге сыртқы саясат болып табылады.

III. Ауызша сұрау.

3.1 Тақтада бірнеше ұлттардың суреттері көрсетіледі. Әрбір суретте жасырынған сұрақтар бар. Бірақ сол сұрақтарға жауап бермес бұрын, ең әуелі таңдаған ұлттың ерекшеліктеріне (мәдениетіне, саясатына, экономикасына) қысқаша тоқталып өтуі керек.

1-сұрақ. Әлемдік саясат дегеніміз не?

2-сұрақ. Әлемдік саясатқа мағыналас ұғымдарды ата.

(Сыртқы саясат, Халықаралық саясат және халықаралық қатынастар)

3- сұрақ. Сыртқы саясат дегеніміз.

4-сұрақ. Геосаясат дегеніміз не және оның қоғамға әсері қандай?

5-сұрақ. Халықаралық саясат дегеніміз.

6-сұрақ. Халықаралық қатынастар дегеніміз не?

7-сұрақ. Ұлттық мүдде дегеніміз не?

8-сұрақ. «Ұлттық қауіпсіздік» ұғымын қалай түсінесің?

9-сұрақ. Глобальды , яғни ғаламдық сөзінің мағынасын түсіндір.

10-сұрақ. Глобальды, яғни ғаламдық проблемаларды ата.

11-сұрақ. Шиеленіс дегеніміз не және оның туындау себептері неде?

12-сұрақ. Конфликтология ғылымы нені зерттейді?

13-сұрақ. . Адамгершіліктің халықаралық принциптерін ата:

14-сұрақ. Этносаяси жанжалдың туындау себебі неде?

3.2 Ситуациялық сұрақтар.

1-сұрақ:

1. Мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы жағдайы ондағы көптеген себептерге байланысты. Солардың ішіндегі ең бастысы- мемлекеттер күшінің арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп есептеді. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты.Олай болса, қазіргі таңда мемлекеттің күші тек әскери қуаттылықпен шектеліп қалады ма?

2- сұрақ.

Бұл тақырыптағы маңызды мәселе- сыртқы және ішкі саясаттың өзара қатынасы. Марксизм идеясы бойынша ішкі саясат белгілі бір мемлекеттің сыртқы саясатын айқындайды деген болатын. Яғни ішкі саясат қоғамның сыртқы саясатына көп әсер етеді. Ал қазіргі таңда олай деуге болады ма.

3- сұрақ:

Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр. Бірақ халықаралық қатынастарда негізі рольді мемлекет атқарады. Себебі:

1- сұрақ.

Саясатта «күш теңдігі», «саяси теңдік» ұғымдарына сипаттама бер.

2- сұрақ:

Қазіргі таңда мемлекеттің қауіпсіздігін сақтауда қандай шаралар қолданылады?

3-сұрақ.

«Жаңаша саяси ойлау» дегеніміз не және ол неге 1980ж. басталады?

3.3 «Халықаралық ұйымдар»

Кестеде мағынасы қысқаша түрде берілген халықаралық ұйымдарды тауып, тақтада белгілеу.

«Халықаралық ұйымдар»

1

Атом энергетика жөніндегі халықаралық ұйым

МАГАТЕ

2

Білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйым

ЮНЕСКО

3

Оңтүстік шығыс Азия елдерінің ассоциациясы

АСЕЕАН

4

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы

ОПЕК

5

Солтүстік Атланттық келісім ұйымы

НАТО

6

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ТМД

7

Бейбітшілік мақсатында құрылған ұйым

БҰҰ

8

Европаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

ЕҚЫҰ (ОБСЕ)

3.4 Термин сөздермен жұмыс жүргізу. Сөзжұмбақты шешу.

 

 

 

 

 

 

1

Г

Л

О

Б

У

С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

3

П

А

Ц

И

Ф

И

З

М

 

 

 

 

 

 

4

Г

Е

О

С

А

Я

С

А

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

У

5

6

А

С

С

А

М

Б

Л

Е

Я

 

 

 

 

 

 

7

М

И

Л

И

Т

А

Р

И

З

М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

Н

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н

Н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

И

О

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

З

В

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

Э

К

С

Т

Р

Е

М

И

З

М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Я

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-топқа бірдей терминді сөздерден құралған сөзжұмбақты шешу тапсырмасы беріледі.

1. Глобус –( бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт

2. Гуманизм –( адамгершілік туралы ұғым.)

3. Пацифизм – (соғыстың қандай түріне болмасын қарсы тұрып, бейбітшілікті жақтайтын ағым, қозғалыс.)

4. Геосаясат - (сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа-райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат.)

5.Инновация –( жаңалық енгізу, жаңарту.)

6. Ассамблея- Халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

7. Милитаризм – (жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысатын саясат.)

8. Экстремизм- (Терроризмге мағыналас ұғым)

4. «Ғаламдық мәселелер»-тақырыбы бойынша студенттердің дайындаған өзіндік жұмыстарын топ болып қорғайды.

1-топ тапсырмасы: Дүниежүзілік соғысты болдырмау.

2-топ тапсырмасы: Экологиялық мәселелер.

Сөж қорғалып біткеннен кейін оқытушы бұл мәселелердің басын қосып, өз тарапынан қорытынды жасайды . Яғни, дүниежүзілік істердегі жетістіктер, содан туындаған қиындықтар мен проблемаларды шешу-ол әрине жұмыла кірісуді, адамзат өркениетінің тұтастығын талап етеді. Әлемге әйгілі философтың бірі былай деген екен «Менің бар болуым сенің және басқалардың бар болуын, ал басқалардың болуы менің бар болуымды талап етеді». Алда тұрған, қай бір қиындық болмасын мәселені ел болып бірлесіп шешуде қоғам ең әуелі адамгершілік принциптеріне негізделуі керек,адамзаттық құндылықтардың басымдылығын мойындауы керек. Ал қоғамдағы ең басты құндылық, ең басты қазына – ол адам және оның өмірі.

5. Білім деңгейін тестпен бақылау.

Қорытындылау: Оқытушы өтілген тақырыпқа қорытынды жасай отырып, студенттердің жалпы сабақ барысындағы белсенділігін, қатысуын, тапсырмаларды дәлме-дәл қаншалықты орындағаны жөнінде қысқаша мағлұмат береді. Ал бағалаудың толық түрі жаңа тақырыпты меңгеріп болғаннан кейін жасалады.

6. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны.

.

1991ж. желтоқсанда басқа да одақтас Республикалармен қатар Қазақстанның тұңғыш рет өзінің жаңа тарихында егемендігін алып, бұдан әрі жан-жақты тәуелсіз дамуына жол ашылды. Республиканың тәуелсіз дамуының жыл санауы 1991ж 16-желтоқсанынан, яғни «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңды қабылдағаннан басталады. Бұл заң тарихи маңызға ие. Ол қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы мен ұмтылысын жүзеге асырды. Осы құжат тұңғыш рет көптеген ұлт өкілдері мекендеген республикамызда «Қазақстан халқы» ұғымын нақтылап белгілеп берді. Халықтың егеменді ел болу арманын ешуақытта өшіре алмайтынын 1986ж. Желтоқсан оқиғасы да дәлелдеп берді. Осы оқиғадан 4-жыл өткен соң, еліміз Егемендік Декларациясын жария етті.

 

Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны

Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде.

 

Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны

 

Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны

 

Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны

 

Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны

 

Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен де астасып жатыр. Бұл орайда, Қазақстанда екі экологиялық мәселе тұр:

  1. Арал теңізі.
  2. Семей ядролық полигонның әсері.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің денсаулық саласын заманауи озық тех­но­ло­гиялармен қаруланған, жоғары өркениет та­лап­тарына сай сапалы қызмет көрсететін дең­гейге көтеру мақсатында баламасыз бас­тамалар көтеріп, шынайы реформаторлық мін­деттерді жүзеге асырды.

7. Жаңа тақырыпты пысықтау:

  1. Қазақстан Республикасыныңтәуелсіздігінің жыл санауының басталуы.
  2. Қазақстан Республикасының ішкі саясатындағы маңызды өзгерістерді ата.
  3. Қазақстан Республикасының сырқы саясатындағы маңызды жетістіктері.
  4. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен келісімшарттарға отырудағы басты мақсаты.
  5. Қазақстан Республикасының геосаясатындағы тиімді және тиімсіз жақтары.
  6. Еліміздің сыртқы саясатындағы экономикалық байланыстарының дамуы.
  7. Қазақстандағы экологиялық аймақтарды ата.
  8. Қазақстандағы денсаулық саласындағы реформалары.

Сабақтың соңында студенттерге «Тәуелсіздікке 20-жыл»- атты бейнефилм ұсынылады.

8. Қорытындылау: Бүкіл сабақ барысында әрбір берілген тапсырмаларды орындаудан студенттердің алған бағалары арнайы бағалау парағына белгіленіп, көрсетіледі.

9. Бағалау парағы:

 

Ауызша сұрау, ситуациялық сұрақтар

Халықаралық ұйымдар

Терминді сөздер

СӨЖ

Тест

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма. СӨЖ

1. Қазақстандағы медицинаның дамуы.

  1. «Саясаттану» Д. Жамбылов Алматы «Жеті жарғы» 2007ж.
  2. «Дінтану негіздері» Ғ. Есім, С. Қанаев.Алматы «Білім» 2003ж.
  3. Интернет материалдар
скачать dle 11.0фильмы бесплатно