Сұраныс объектісі. Таңдау арқылы сұрау құру

Иманбаева Гүлзия Маратқызы
өндірістік оқыту шебері
Орал ақпараттық технологиялар колледжі

Сұраныс объектісі. Таңдау арқылы сұрау құру

 

Сабақтың мақсаты:

Білім беру:

-Білімдерін және білік дағдыларын бақылау және бекіту;

-Кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:

-Теория сабағында жазған дәрістерін өндірістік оқыту сабағында қолдану, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

-Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

-Тиісті, бір қалыпты жүйеде жұмыс жасауды үйрену;

-Берілген тапсырмаларды орындауда шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:

-Оқушылардың бір-біріне деген көзқарастарын арттыру;

-Компьютерлік кабинеттегі құрылғыларды күтуге және білуге, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;

-Адал еңбек ету әдеттерін қалыптастыру;

-Тәртіптілікке, уақытты үнемді жұмсауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Материалдық-техникалық жабдықтар: Мультимедиялық проектор, дербес компьютер, үлестірмелі карточка

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру бөлімі: - 2 минут

1.Топ оқушыларымен амандасу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Сабақтың тақырыбын және тақырыпшасын жариялау

4.Сабақтың мақсатын түсіндіру

ІІ. Кіріспе нұсқау: - 15 минут

1.Жұмыс орындарында орналасу

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру және өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтарын қою

1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым.

2. MS Access мәліметтер қорының кеңейтілімі қалай жазылады?

.accdb

3. Мәліметтер қорының неше объектісі бар? Оларды атаңыз.

Жеті объектісі бар.

1.Кестелер

2.Сұраулар

3.Тұлғалар

4.Есептер

5.Макростар

6.Модульдер

7.Топтар

4. Кесте объектісін құрудың неше жолы бар?

Екі жолы бар.

1.Енгізу арқылы кесте жасау

2.Конструктор режимі арқылы

5. Кестенің конструктор терезесі неше бөлімнен тұрады? Оларды атаңыз.

Төрт.

1.Өріс атауы

2.Деректер типі

3.Анықтама, сипаттау

4.Өріс қасиеттері

6. Неше түрлі деректер типі бар? Оларды атаңыз.

Он деректер типі бар.

1.Мәтіндік

2.Сандық

3.Есептік

4.Күн/уақыт

5.Мемо өрісі

6.Оле өрісі

7.Гипер сілтемелері

8.Логикалық

9.Ақшалық

10.Тіреулер шебері

7. Мәтіндік деректер типі мен мемо өрісінің айырмашылығы неде?

Мәтіндік деректер типінде 255 символға дейін болса, ал мемо өрісі 65535 символға дейін жазуға мүмкіндік береді.

8. Есептік және сандық деректер типінің айырмашылығы неде?

Есептік декектер типі сандарды автоматты түрде толтырса, сандық деректер типі сандарды қолмен енгізуге мүмкіндік береді.

9. Тіреулер шебері деректер типі не үшін қолданылады?

Тіреулер шебері бір әрекет бірнеше рет қайталанса сол кезде бір рет мәліметті енгізу үшін қолданылады

10. Алғашқы кілт қайда және оған қандай деректер типі қойылады ?

Алғашқы кілт тек конструктор режимінде ғана қойылады. Кілтті орнатқан кезде деректер типі сандық немесе есептік болу керек.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру – 20 минут

Жаңа тақырып бойынша білетіндерін сұрап, тақырыпты әрі қарай кеңінен түсіндіру. Қандай бағдарламамен ұқсас келетінін айтып өту. Таңдау арқылы сұрау құруды қалай құратынын түсіндіру.

 

Сұраныс объектісі. Таңдау арқылы сұрау құру

Тапсырма 1. (25 минут)

 

Берілген дайын кестеден, экранда көрініп тұрғандай келесі сұрауларды құру:

 

Сұраныс объектісі. Таңдау арқылы сұрау құру

-Таңдау арқылы сұрау құру:

 

1.1996жылғы студенттер тізімі

2.Тегі А-дан басталатындарды таңдау

3.Тек ер балалар тізімін таңдау

4.Есенжанова мекен жайында тұратын студенттер

5.№6 топ студенттерінің ішінен ішкі есепте тұратындарды таңдау

6.Алабасов немесе Руслан аталатын тегі мен аттарды таңдау

7.Телефондары25 тен басталатын студенттер тізімін таңдау

8.Топ студенттерін бөлек-бөлек таңдау

9.№4 топ студенттерінің ішінде үйірмеге қатысатындар тізімін таңдау

IV. Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: - 80 минут

Үлестірмелі карточка бойынша жұмыс жасау

-Мәліметтер қорында «Қызметкерлер» кестесі

идентификациялық код

Тегі

Аты

Әкесінің аты

жынысы

Туған жылы

1314152347

Ғазиз

Аягөз

Даулетқызы

Әйел

22.04.43

1545678990

Алабасов

Қайрат

Мақсотұлы

Ер

23.03.49

1624790203

Дәулен

Нұрқанат

Нұржанұлы

Ер

22.04.45

1748576413

Имангалиева

Гүлайна

Өтемісқызы

Әйел

30.07.50

1934789231

Каменева

Татьяна

Дмитриевна

Әйел

24.06.59

1955443781

Саламатов

Руслан

Бектұрсынұлы

Ер

05.09.53

2014654788

Сихуатов

Асылхан

Сихуатұлы

Ер

10.01.57

2055894321

Бериккалиев

Ерлан

Жасенбайұлы

Ер

12.11.60

2178943214

Мамбетов

Арман

Сансызбайұлы

Ер

21.11.64

2200987654

Куанышева

Альбина

Нургалиевна

Әйел

31.03.65

2233668943

Султангали

Малік

Мерленұлы

Ер

05.08.65

2314743296

Турсынов

Ержан

Камильевич

Ер

31.12.69

кестенің жалғасы

Туған жері

Білімі

Лауазымы

Жұмыс өтілі

Жұмысқа тіркелген күні

Телефон

Омск қаласы

Орта техникалық

Статистик

36

24.09.95

65-12-13

Харьков қаласы

Жоғары

Директор

30

10.12.88

нет

Омск қаласы

Жоғары

Кафедра меңгерушісі

32

01.09.90

68-14-13

Харьков қаласы

Жоғары

Бас бухгалтер

29

01.01.96

47-23-15

Омск қаласы

Жоғары

Кадр бөлімінің бастығы

20

30.12.90

65-67-72

Харьков қаласы

Жоғары

Директор орынбасары

24

01.09.92

32-32-14

Орал қаласы

Орта техникалық

Диспетчер

21

15.10.98

10-12-10

Харьков қаласы

Жоғары

Оқытушы

15

31.08.94

23-10-70

Омск қаласы

Жоғары

Специалист

13

31.08.94

43-35-13

Киев қаласы

Жоғары

Методист

10

01.10.92

47-67-33

Орал қаласы

Жоғары

Оқытушы

12

10.09.92

69-05-03

Киев қаласы

Жоғары

Доцент

8

31.08.95

27-14-12

-Таңдау арқылы сұрау құру керек:

1.Б-дан басталатын тегін сұрау

2.Тегіңізді енгізіңіз

3.Жұмыс өтілдері 20 жылдан жоғары адамдар тізімі

4.Жұмыс өтілдері 20 жылдан жоғары әйел адамдарды таңдау

5.Лауазымдары бойынша таңдау

6.Туған жылдары 1965 жылғыларды таңдау

7.Туған жерлдері Омск қаласындағыларды таңдау

V. Кезеңді нұсқаулар:

Жұмыс орындарын қадағалаған кезде келесіге назар аудару керек:

1.Жұмыс орында қауіпсіздік ережелерін сақталуына

2.Тапсырманың дұрыс орындалуына

3.Жұмыс орнын ұйымдастыра білуіне

4.Өз бетімен жұмыс жасауға дағдылануына

V. Қорытынды нұсқаулар: - 8 минут

1.Қателерді талқылау

2.Оқушыларды теория бойынша сұрау

3.Оқушылардың жұмысына баға беру

Сұраныс объектісі. Таңдау арқылы сұрау құру

 

скачать dle 11.0фильмы бесплатно