Өзендер

Рахимова Асем Естаевна
тарих және география пәнінің мұғалімі
Петровка орта мектебі

Сабақтың мақсаты: Өзен және оның элементтері , шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы ұғымдарын қалыптастыру.

Сабақтың міндеті: білімділік: Жер бедері , тау жыныстары мен өзен ағысы сипатының байланысын түсіндіру.

Дамытушылық: Тақырып барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиешілік:«Судың да сұрауы бар»мақалы негізінде суды қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылар өзенге анықтама бере алады.

2.Өзен бөліктерін біледі.

3.Өзендерді картадан таба алады.

Құрал-жабдықтар:Жарты шарлар физикалық картасы ,Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта ,оқулық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1. мұхиттар мен теңіздерді шаруашылықта қалай пайдаланамыз?

2. Теңіз қатынасына көбірек игерілген мұхитты ата?

3. Мұхитты зерттеудің қандай жаңа әдісі бар?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Өзен-табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су

өзен

жазық өзені тау өзені

(баяу ағады) (тастан-тасқа соғылып,буырқанып,көбік шашып ағады)

Өзен бөліктері:

1. бастауы-ағып шығатын жері

2. саласы – келіп қосылатын өзендер

А)оң жақ саласы

ә)сол жақ саласы

карта-Есіл өзені Ертістің сол жақ саласы ,

Өзен көлге немесе теңізге құяды

Карта-Жайық, Сырдария, Іле өзендері алабын анықтау

3. Сағасы-өзеннің құяр жері

4. Атырау-сағасына жақындағанда жылдамдығы төмендейді де тармақтарға бөлінеді

5. Аңғары- бастауынан сағасына дейінгі алқап

6-Жайылма-өзен тасығанда басатын бөлігі

Өзен ағысы үш бөліктен тұрады:.1. жоғарғы ағыс

2. төменгі ағыс

3. орта ағыс

Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы жер бедеріне байланысты ма?

Мысалы:Жоңғар Алатауынан бастау алатын Қаратал өзені.

Тапсырма:Төмендегі жоспар бойынша Нілдің, Амазонканың, Миссисипидің, Енисейдің географиялық орнын анықтап, оларды кескін картаға түсіріңдер:

А)қай материкте орналасқан

ә)қайдан басталады

б)қайда құяды

Шатқал-таулы өзендегі тар аңғарлар.

Шоңғалдар-өзен арнасындағы судың бетіне шығып жатқан қатты жыныстар.

Сарқырама-судың жартастан құлай ағуы.

Анхель-Ориноко өзені ең биік сарқырама оң.Америка

Виктория-Замбези өзені Африка

Игуасу-ең ірісі 275 бөлек сарқырамасы барБразилия мен Аргентина шекарасында орналасқан.

Өзендердің қоректенуі:

  1. жаңбырмен
  2. қар суымен
  3. мұздықпен
  4. жер асты суы

Өзен суы қай уақытта көтеріледі?

Судың тасуы – белгілі бір маусымда қайталану

Тасқын – кенеттен нөсер немесе қар мен мұздың еруі

Ерте замандағы өркениет дамыған өзендер:

Кескін картаға түсіру Ніл,Тигр, Евфрат, Хуанхэ, Янцзы

Көшпелі Қазақ халқы Жайық, Сырдария, Ертіс , Тобыл, Есіл, бойын жайлаған

Сабағымызды қорытындылай келе бүгін қандай жаңа терминдермен таныстық .

(өзен бөліктері слайдын көрсету)

IV Қорытындылау:Қазақстанда өзен суын тиімсіз пайдалану салдарынан су тартылып жатқан қандай теңізді білеміз?

V.Кері байланыс. Смаиликтерді белгілеу арқылы оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді.

VІ. Бағалау. Оқушылардың сабақтағы белсенділігіне қарай және картамен жұмыс бойынша.

 
скачать dle 11.0фильмы бесплатно