Мәтін арқылы тілді дамытудың тиімділігі

Ахметова Гүлнар Қапкешқызы
«Қазақ тілі» пәнінің оқытушысы
«Қаржы академисы» АҚ колледжі

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолындағы өмірілік ұстанымым - әрқашан ізденісте, жаңа әдістерді сабақта тиімді қолдану қозғалысында болу. Мұндай ұстаным оқытушыда болмаса, ол жай оқытушы атын жамылып жүргендер болар еді. Ал оқытушылардың ішінде басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілі пәнінен сабақ беруші оқытушылардың қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету – қазақ тілі мамандарының міндеті. Сондықтан, бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдаланауға мен де тырысамын. Кейінгі жылдары «Мәтін арқылы тілді дамытудың тиімділігі» атты әдістемелік- шығармашылық тақырып бойынша жұмыс жасап жүрмін. Себебі кез-келген сабақ тақырыбы мәтінмен тікелей байланыста болатыны бәрімізге әйгілі. Мәтін арқылы тілді дамытуды жүзеге асыру мақсатында әртүрлі көрнекі құралдар мен оқытудың жаңа ақпараттық-технологияларын да қолдануға тура келді. Себебі дамыған елімізде оқу орындарын жаңа техникалық құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр. Сабақта әртүрлі құрал-жабдықтармен әсіресе бүгінгі заман талабына сай мультимедиялық кабинетпен, интерактивті тақтамен жабдықталған дәрісханаларда өткізілген сабақтар да оқушылар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Тіл мәселесімен айналысып жүрген ғалымдар әдістеме оқулықтарында грамматиканы оқытуда да, тіл дамыту мәселесінде де, мәтінді негізге алып, тілді оқытудың барлық мәселесінде мәтін негізгі құралдың бірі екендігін көрсетті.

Жалпы ғалымдардың айтуларын, зерттеулерін алғанда мәтінді - дұрыс сөйлеудің үлгісі деп айтуға да болады. Сондықтан қазақша дұрыс сөйлеуді қалыптастыру үшін оқулықтарда мәтін беріліп, мәтінмен жасалатын түрлі жұмыстарда мәтінді оқу, әңгімелеу, баяндау, мәтіннің мазмұнын айту міндетті түрде талап етіледі. Оқушы осы арқылы сөйлеу тілін дамытады.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы барлық қазақ тілін үйретуші оқытушылардың алдына сабақты терең де, мазмұнды, сапалы, қызықты өткізу талабын алға қойды. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген көзқарас-тарын дұрыс қалыптастыру үшін қазақ елінің салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтардан тұратын мәліметтерді беретін мәтіндерде пайдалану үлкен шеберлікті талап етеді.

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқып - үйренуде ғалым Фаузия Оразбаеваның сөзін мысалға алғым келеді. Ғалым былай деген еді: «Тілді оқытудағы ең басты мақсат – оқушыны сөйлеуге, яғни, айтар ойын жеткізе білуге үйрету».

Олай десек, оқушыны сөйлету мәтін арқылы да жүзеге асырылады. Қазақ тілін орыс топтарында мәтін арқылы үйрету – оқытудың, тіл үйренудің ең тиімді жолдарының бірі. Мәтінді жан-жақты меңгеріп, жүйелі жұмыс жасаған оқушы өзінің сөйлеу тілін дамытады.

Орыс топтарында қазақ тілі сабағының негізгі міндеттерінің бірі - мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстары болса, оқушылар қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оны тәжірибеде дұрыс қолдануы үшін мәтін оқу, сол тілдің грамматикасымен танысу, өз беттерінше жұмыс жүргізу сияқты әдістер арқылы сол тілдің байлығын, дұрыс сөйлеу, жазу заңдылықтарын меңгереді демекпін.

Сондықтан сабақта мәтін арқылы тілді дамыту үшін оқушылар берілген анықтамаларға сүйене отырып, тілдік ережелерді мәтінде, сұрақ – жауап ретіндегі әңгімеде қолдана, ажырата білуге үйреніп және дағдыланулары керек. Осы мақсатта мәтінге сүйене отырып түрлі сызба, кесте, жаттығуларды молырақ пайдаланып оған байланысты тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері мен жолдарын қарастырып отырамын.

Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұйымдастыру.

Сабағымда мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс, мәтінмен жұмыс, мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстарды орындаймын. Яғни, ең алдымен мәтінге байланысты жаңа сөздермен оқушыларды таныстырамын, сол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра отырып, әр түрлі жаттығулар орындатамын. Мысалы:

«Аудит» тақырыбы бойынша:

1. Төмендегі сөздерді оқып, сол сөздердің баламасын түсіндірме сөздік арқылы тауып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру:

мүлік, көрсеткiштер, мәлiметтер, ұйымдастыру және т.б.

(сведения), аудиторлық қорытынды (аудиторское заключение), түсініктемелер (пояснения), күдіксіз (без риска).

2 – тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңдар.

1. Аудиторлардың барлық (финансовые) құжаттарды тексеруге құқылары бар.

2. Өз өміріңді сенің (имущество) емес, сенің өзің (определяешь).

2. (Экономичный ) болу дегеніміз – қуанышсыз (жить серой жизнью) деген сөз емес.

3. Әр адамның тірлігі, шаруашылығы (великолепный) нәрсеге (основывается).

4. Үнемділік дегеніміз – әрбір адамның аз уақытын дұрыс (организовать).

Ал, мәтінмен жұмыста оқытушының мәтінді мәнерлеп оқуы, оқушылардың абзац бойынша оқулары, мәтінді аудару, мәтінді қысқаша мазмұндау,сұрақтарға жауап беру және т.б.

Мәтінді оқығаннан кейін келесі жұмыс түрлерін орындатамын: оқушылар берілген мәтінге жоспар құрастырады, мәтінге ат қояды, диалог құрастырады, мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады және әр сабақта мәтінді өткеннен кейін сабақты бекіту үшін кластер құрастыруға, тест тапсырмаларын орындатуға, венн диаграммасын, сөзжұмбақ-тарды шешу жұмыстарын да өткізуге болады. Осы жоғарыда айтылған теориялық бөлікті кейбір тапсырмаларын тәжірибе жүзінде былай жүргіземін:

1.Сұрақ-жауап»

Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. Өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады.

2. «Мәтінді тыңдап, аяқта»

Берілген мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.

3. «Ассоциация және болжам»

Студенттер топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз? деген сұрақтарға жауап беруге тырысады
4. «Мен көркемдік жетекшімін»

Мәтіннің мазмұнына сай әр түрлі слайдтар дайындайды және бұл слайдтарды неге таңдағанын түсіндіреді.

Бұл мәтінмен ғана атқарылатын жұмыс түрлерінің бір бөлігі ғана. Ал, енді осы мәтіннен кейін оқушылардың өздерімен орындайтын жұмыс түрлерінің кейбір түрлеріне тоқталғым келеді.

5- тапсырма.

Мәтін арқылы тілді дамытудың тиімділігі

Қорыта келе айтарым, мәтін - байланысты сөйлеудің, тіл дамытудың үлгісі. Ал мәтін арқылы сөйлеуге үйрету, сөйлеу әрекетінің түрлерін үйрету арқылы ғана жүзеге асады. Олай болса, мәтін мен сөйлеу әрекетінің түрлерін - бөле қарауға келмейтін, өз қызметтерін бірлікте ғана атқара алатын бірліктер деп айтуға болады. Сондықтан да мәтін тілді оқыту жүйесіне лайықталып сұрыпталады. Сабақ үстінде оқытушы неғұрлым аз сөйлеп, оқушы сөзін көбірек тыңдаса, оқушылар өзбетімен сөйлеуге әрекеттенеді де, сөйлеу дәрежесі жоғарылайды дегім келеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Әділбекқызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы, Рауан

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (электронды оқулық), Алматы, 2000 ж.

3.Арын Е., Қасым Б., Жұматаева Е. «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі» Павлодар,

4.Шетел тілін оқыту әдістемесі 2008ж

5.Мараковская, Тәжімұрат. Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы грамматикасы

скачать dle 11.0фильмы бесплатно