Сүт тағамдары

Реклама
Сыздыкова Балкүл Алпысбайқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
№24 орта мектеп

Сүт тағамдары

 

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың танымдық қабілетін және ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

1. Білімділік: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге , сөйлесе алуға, сауатты жазуға, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, практикалық жаттығуларды орындауға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, сөздік қорын байытып, қызығушылық белсенділіктерін арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, жануарларға қамқоршы болуға, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, суреттер,карточкалар, сабақ ережесі,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу.

2. Түгендеу.

3. Сабаққа жұмылдыру.

-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

-Қыс айлары қандай айлар?

-Бүгін ауа-райы қандай?

- Балалар, бүгін қандай күн?

-Аптаның нешесі?

ІІ. Ой қозғау.

-Балалар өткен сабақтарда біз азық- түліктер туралы айттық.

1. Үй жұмысын тексеру. Диалог құрастыру. НАН өлеңді жаттау.

2.Суретпен жұмыс.

-Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Ол қайда барды ?

-Ол не сатып алды?

ІІІ. Жаңа сабақ

-Сіздер қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Сиыр, жылқы,түйе, қой, ешкі.

-Ауылда кімнің атасы мен әжесі тұрады ?

-Ол кісілерде сиыр бар ма ?Оны кім күтеді, жем-шөп береді, қорасын тазалайды?

-Ағам

-Ал сиырдың қандай пайдасы бар?

-Ол сүт береді.

-Сүттен қандай тағамдар дайындайды? ( оқушылар сүт тағамдарын атайды)

-Ендеше біз сүт тағамдары туралы айтамыз.

1.Мәтінмен жұмыс. Оқу.

Сүт тағамдары-айран, қымыз, шұбат, ірімшік, қаймақ, май, құрт т.б. Сүт тағамдары дүкенде және базарда сатылады. Сүт-пайдалы тағам.

2.Сөздік жұмысы. Жаңа сөздер.

Сүт тағамдары- молочные продукты

Пайдалы-полезный (-ая, -ое )

Шұбат-шубат

Қымыз- кумыс

Сөз тіркес құрастыру.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

-Сүт тағамдарын кім атайды?

-Сүт тағамдары қайда сатылады?

-Сүт қандай тағам?

IV. Бекіту кезеңі. Мәтін бойынша диалог құрастырады.

2. Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ шешейік.

Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең шөлің қанады.

Ақ болса да, қар емес,

Шешуін кім табады? ( сүт)

-Сүт сөзіне фонетикалық талдау

V. «Артық сөз» ойыны

Артық сөзді тауып, астын сызыңдар.

Тоқаш, бауырсақ, сағат, нан.

Шұжық, тәулік, қуырдақ, қазақша ет, палау.

Май, сүт, кесе, нан, ірімшік.

VI. Үйлестіру диктанты. ( интерактивті тақтамен жұмыс)

Берілген сөздерден негізгі мағынасына сәйкес сөздерді тауып жаз.

Нан тағамдары Ет тағамдары Сүт тағамдары

Ірімшік, тоқаш, палау, қуырдақ, май, шұжық,қаймақ, айран, батон, құрт, қазақша ет, қымыз, нан, шұбат.

VII. Балалар, сендер ас туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Айтып беріңдер.

Ас атасы-нан. Тату үйдің тамағы тәтті.

VIII. Қорытынды. Рефлексия. Дұрыс айтасыңдар, балалар, ас адам өмірінде маңызды рөл атқарады.

Қандай отбасында тамағы тәтті болады деп ойлайсыңдар?

Сонда тату отбасы қандай отбасы деп ойлайсыңдар?

Тату үйдің тамағы тәтті деген осы.

Ал отбасы - шағын мемлекет. Мұндай отбасында бәрі бірін-бірі сыйлайды, жақсы көреді, тату тұрады.

Достық бар жерде барлық ұлттар бір мемлекетте тату тұрады.

Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан қандай мемлекет? Міне, бүгін сабағымызды тату –тәтті аяқтадық. Сау болыңдар!

IX. Бағалау.

X. Үйге тапсырма. Сөздерді жаттап, мәтінді мазмұндау. Әнді жаттау.скачать dle 11.0фильмы бесплатно