Қазақстан - Республикам менің

Реймова Гуьзира Маулембергеновна
тәрбиеші
Ю.Гагарин атындағы №16 отра мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Отаны туралы кеңінен білуге,Отанын сүюге,қорғауға үйрету.Қазақстан Республикасының мемлеккеттік рәміздерін құрметтеуге баулу.Отан сүйгіштікке,тәртібті бала болуға тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс:Тіл дамыту матемтика,жапыстару көркем әдебиет.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс ,тақпақ,мақал-мәтел

Көрнекіліктер:Еліміздің рәміздері,суреттер,зымыран

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыруы: Шаттық шеңбер.

Тәрбиеші: Ал балалар амандасып алайық

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң апайлар

Амансыңба шуағын төккен күн?

Амансыңба Жер Ана?

Амансыңба мейірімді достарым?

Кіріспе: Балалардың назарын сабаққа аудару.Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан -Республикам менің деп таныстырып балаларға сұрақтар қою арқылы Отаны туралы ойларын байқау.

-Қәне, балалар айтындаршы

-Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

-Отан дегеніміз еліміз,жеріміз,туған-туыс,бауырларымыз,ауыл-қаламыз,өзіміз туып өскен жеріміз.

Балалар мен сендерге Отан туралы өлең оқып берейін

Тәрбиеші

Отан сенің ата-анаң,

Отан досың бауырың.

Отан өлкең,астанаң,

Отан аудан, ауылың.

Отан тарих,Отан тіл

Жасаған елің,өз халқың

(Бүркіт Ысқақов)

.-Балалар біздің ұлтымыз кім?

-Біздің ұлтымыз қазақ.

Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.

-Балалар біз елімізді жақсы көреміз ба?

-Жақсы көреміз.

Жарайсыңдар балалар сендер елімізге,жерімізге қандай тілек білдірер едіңдер?

Елімізде тыныштық болсын

Еліміз бай болсын

Соғыс,апаты болмасын

Бейбітшілік болсын.

Балалар Отанымыз Қазақстан жайлы тағы не айта аласыңдар?

-Менің сүйікті Отаным-Қазақстан.Қазақстан жерінде:бидай,мақта,жүгері түрлі дәнді дақылдар,өсімдіктер өсіріледі.

Менің елім өте бай.Теңіз,тау,тау,көл,құм кең даламыз таң қалдырады.

Мен Отанымды қатты жақсы көремін.Қазақстанда жүзден аса ұлт өкілдері тұрады.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар

-Қазақстан Республикасының призиденті кім?

-Қазақстан Республикасының призиденті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.

-Бас қала қай қала?

-Бас қала-Астана қаласы.

Дұрыс айтасыңдар балалар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері дегеніміз:Ту,Елтаңба,Әнұран

-Мынау Қазақстан Республикасының туы.

-Тудың түсі қандай?

-Тудың түсі көк.

Мемлекеттік ту көгілдір түсті,ортасында алтын күн орналасқан.Күн астындағы қалықтаған қыран құс бейнеленген,шетінде ою-өрнек бар.Балалармен бірге:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасында дәл ортасында,шаңырақ,шаңырақ айнала күн сәулесіндей тарап,уықтар шаншылған.Оны адам баласының досы аңыз әңгімелердегі киелі қос тұлпар көмкеріп тұр.Ал бес жұлдыз-барлық жер шарына құшағымыздың ашықтығын білдіреді.

Төменгі жағында «Қазақстан»деген жазу «Қош келдіңіз бізге» дегенді айтып тұрғандай .Еліміздің бұл белгілері елдікке,бірлікке,өмір мен достыққа шақырады.-

-Қәне,балалар сендер Отан туралы тақпақтар білесіңдерме?

-Балаалрдың тақпағын тыңдау.

Біз балдырған баламыз

Айтқан тілді аламыз

Отанымыз Қазақстан

Оттай лаулап жанамыз

 

Көгінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу,неткен көркем

Осы менің туған өлкем

 

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу,неткен

Осы менің туған өлкем

Жарайсыңдар балалар Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

-Отан оттанда ыстық.

-Отансыз адам –ормансыз бұлбұл.

-Отанды сүю Отан басынан басталады.

-Туған жер жер болмас

Туған елдей ел болмас.

-Отан үшін отқа түс күймейсің.

Өте жақсы балалар.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем

-Балалар 12 сәуір қандай күн?

-12 сәуір ғарышкерлер күні

-Ғарышқа түнғыш ұшқан кім?

-Юрий Гагарин Алексеевич.

Біздің елімізден тұңғыш ұшқан ғарышкер ағаларымыз бар.Олар:Тоқтар Әубакіров,Талғат Мұсабаев.

Арман қуып жасынан

Көктен көзіні алмаған

Ұшқыш болды жас ұлан

Аспанда еркін самғаған.

 

Тағыда істей ғажапты

Тоқтар түсіп жарысқа

Туған ұлты қазақтың

Тұңғыш ұшты ғарышқа

Тәрбиеші:Көрдіңдерме балалар ғарышкер ағаларымызды ғарышқа ұшарда әр түрлі қиын дайындықтардан өтеді.Зымырандар мен құрылғыларды қалай істейтін зымыранды басқаруды білу керек.Сондықтанда ғарышкер ұшқыштар спорсмендер,нағыз ержүрек,батырлар ұшады.

-Кәне енді балалар зымыран жасайықшы.

Биік болып өсеміз

Жапырақтай жайқалып

Шетімізден шеберміз

Біз танығып аламыз

Әсем сурет саламыз.

Қортындылау: Қазағым менің

Сөзін жазған:Н.Назарбаев

Арайлап таңым,асқақтап тауым

Ән айтып көгім,күй тартты көлім

Қол жетті міне,аңсаған күнге

Жасай бер жаса қазағым менің

Елім менің аңсаған

Тас бұғаудан босаған

Құтты болсын Отаның

Берік болсын босағаң.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно