Іс-қағаздарының түрлері

Кабжанова Майдаш Айтасовна
Преподаватель казахского языка и литературы
КГУ «АТК №8»

Сабақтың мақсаттары:

Білімдік таным:

Іс-қағаздарының түрлерін айыра білу, сауаттылыққа үйрету

Тәрбиелік:

Іскерлік қарым-қатынас әдебін білу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың тәсілі: аралас тәсіл

Көрнекілік:интерактивтік тақта, іс-қағаздар үлгісі, оқулық, т.б.

Сабақтың барысы:

Кіріспе:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру

Өткен сабақ бойынша шолу:

-бірінші курста іс-қағаздарының қандай түрімен танысып едік?

-өткен сабақтағы құжат топтамалары туралы атаңдар.

Жаңа сабақ

Сөдік бойынша баламасын интерактивтік тақтада көрсету.

Өтініш Служебное письмо

Анықтама Приказ

Хаттама Доверенность

Хабарландыру Справка

Түсініктеме Договор

Жарнама Объяснительная

Бұйрық Объявления

Келісім шарт Реклама

Қолхат Заявление

Сенімхат Протокол

Қызметтік хат Расписка

Бүгінгі өтетініміз: БҰЙРЫҚ туралы.

БҰЙРЫҚ дегеніміз әртүрлі қызметтік іс-әрекетке байланысты (жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру, есеп беру, тағайындау, т.б.Қ жасалатын ресми құжаттардың бірі.

Түсініктеме: интерактивтік тақтадан бұйрық үлгілерін көрсету

Мысалы:

Бұйрық 07.03.2012 № 2016

«Асар» шағын кәсіпорны

Жұмысқа қабылдау туралы

Айсулу Асанқызы «Асар» шағын кәсіпорнына есепші (бухгалтер) болып қабылдансын.

Оқушылар үлгі бойынша бұйрық жазады.

Керекті сөздер:

Тағайындалсын, ауыстырылсын, жүктелсін – возложить, уақытша атқарсын, қабылдансын, шығарылсын, босатылсын.

Іс-қағаздарына байланысты 10 тестік тапсырма. Слайдтан қарап дәптерге орындайды.

Мәтінмен жұмыс (Іскерлік қазақ тілі кітабы) «Еңбек құқығы»:

-мәтінді кезекпен оқу, аудару, бірнеше сұраулы сөйлем құру

Үйге тапсырма: түйіндеме жазу.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно