Ақшаның мәні мен қызметі

Досбаева Алуа Сайлаубековна
преподаватель гуманитарных дисциплин
Костанайский экономический колледж Казпотребсоюза

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : Ақшаның мәні мен алуан түрлі атқаратын қызметі, төлем құралы екені туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Мәтінмен, сөздердермен, мақал - мәтелдермен жұмыс жасау арқылы ауызша сөйлеу тілдерін,ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік : Мамандығын терең меңгерген білімді, кәсіби саналы маман иесі, ел экономикасына өз үлесін қосатын білікті азамат болуға бағыттау.

Әдістемелік мақсаты: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақта қолдана отырып оқушылардың өз бетінше ізденіп, шешім қабылдауына, ақпаратты өз өміріне жарата білу біліктілігін арттыруына дағдыландыру. Оқушылардың тақырыпты ғылыми меңгерулеріне жағдай жасау және өз ісіне шебер, қазіргі заманға сай маман иесі болуына білімін бағыттау.

Сабақтығ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, іздендіру,

Сабақтың типі : жаңа материалды меңгерту

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, үлестірме карточкалар

Пәнаралық байланыс: халық ауыз әдебиеті, орыс тілі

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу

Тіл дамыту:

-Құрметті студенттер неліктен қаржы мамандығын иаңдадыңыздар?

-Қандай салада қызмет ете аламыз ?

-15 қараша қандай күн?

-Ел экономикасына үлес қоса білетін маман түлғасы қандай болу керек?

Жуық уақытта ел басшымыз ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына арнаған қандай жолдауы қандай тақырыппен, қашан жарық көрді ?

Оқытушының оқушыларға тілегі:

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздей өренді

Әр сабақтың сырына.

Қадамдарың оң болсын,

Сәт – сапар менің тілегім!

II.Үй тапсырмасын тексеру

Үлестірме карточкалар арқылы сұрақтарға жауап беру

1.Қаржыгер қандай маман?

2.Қаржыгер маманына елдегі ақпарттың әсері қандай?

3.Қаржы қандай құжат болып саналады?

4.Қазақстан жағдайында қаржы саясатының негізгі мақсаты

5.Қаржыға тән функция

6.Қаржы ұғымы?

III. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

-«Ақша» дегеніміз не?

Оқушылардың жауабы: - ....

Жаңа тақырып төңірегінде оқушының іздену жұмысын тыңдайық

«Ақша туралы»

Елбасы Н.Ә.Назарюаетің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - атты Жолдауынан каржы мәселесеі бойынша.

Мәтінді мәнерлеп оқып беру

Оқушыларға мәнерлеп оқыту

Сөздік жұмысын жасату

Стоимость,цена –

Особенный товар -

Производители товара –

Потребители –тұтынушылар

Экономическое отношение –

Обеспечивает –

Обмен –

Историческое развитие –

Средство обращения –

Средство оплаты –

Расходы –

Измерять –

Дает возможность –

Значение денег –

Средство от продаж товара -

Рынок -

Продукт труда –

Движение –

Наличные деньги –

Мағынаны ашу

Жаңа тақырып төңірегінде таблицаны бірлесе толтыру

Ақшаның мәні

Ақшаның қажеттілігі

Ақшаның қолданылу аясы

Грамматикалық тапсырмаларлы орындату

Сөздерге ғылыми анықтама беру

Құнын, тауар өндірушілер, тұтынушылар, ақша, шығынды, құн өлшемі.

Мысалы: құн – қандай да болсын тұтыну тауарларының жасалуына кеткен уақытына, сапасына байланысты анықталған бағасы.

Орыс тіліндегі мәліметті қазақ тіліне аудару жұмысын беру.

Вся жизнь современной цивилизации завязана на торгово-денежных взаимоотношениях. Люди покупают и продают, выполняют и получают услуги и огромную роль, даже основополагающее значение в функционировании этогоцивилизационного организма играют деньги!

Попробуйте себе представить нашу жизнь без них. Это почти что невозможно. Деньги — на протяжении уже многих тысячелетий и веков — служат центральным супер-мотром для развития и существования цивилизаций.

Деньги - товар особого рода, который одновременно выполняет роль измерителя ценности всех остальных благ и является средством осуществления расчетов при обмене благами. Деньги — атрибут товарного производства, т. е. такого производства, в котором блага — товары и услуги — специально создаются для обмена и продажи. Поэтому роль денег в становлении рыночной системы хозяйства поистине велика.

VI. Сабақты бекіту

Рефлексия

Тест интервью

1 -топ

Тест интервью

Беерілетін жауап

Ақша қандай тауар?

 

Ақша негізінен қанша қызмет түрін атқарады?

 

Ақшаның маңызы неде?

 

К.Маркстің ойынша ақшаның тұжырымы?

 

Ақша нені қамтамасыз етеді?

 

Ақша ағылшын неміс тілдерінен аударғанда нені білдіреді?

 

Ақша қалай пайда болды?

 

Бүгінгі күндегі ақшаны алудың,сақтаудың жолдары?

 

Ақша туралы мақад –мәтелдердің мағынасын түсіндіру

Теңге - тиыннан, тұлпар - құлыннан.

Алтынды ала білген бөле де біледі.

Ақша кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады.

Есепсіз дүние жоқ.

Есептемегенге бәрі түгел.

Ақшасыз базарға барғанша,

Кетпен алып мазарға бар.

Бір теңге бие болмайды,

Екі теңге түйе болмайды.

Қарыз, қарызды беру - парыз.

VIII Сабақты қорыту

«Ақша - қоғамдық еңбектегі ерекше тауар» - тақырыбы бойынша «дөңгелек стол» ойыны

Оқытушы қорытынды сөзі:

Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы, - екенін біле отырып, білікті қаржығер атанып ел экономикасына айтулы үлес қосуға тілектеспін!

Үй тапсырмасы

1. Мәтіннің мазмұнын айту.

2.«Ақшаның мәні» тақырыбына эссе жазу.

VII Оқушыларды бағалау

Әдебиеттер тізімі:

1. С.Құлпыбаев., В.Д. Мельников «Қаржы негіздері» Жоғары оқу

орындарына арналған оқулық. Алматы 2009 ж;

2.Қазақ мақал – мәтелдері Алматы «Ана тілі» 1993 ж.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно