Алдын-ала тергеу сатысындағы тергеулік әрекеттер

Кунева Жибек Сансызбаевна
арнайы құқықтану пәндерінің пәндік (циклдік) комиссиясының оқытушысы
ҚҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. (Студенттерді түгендеу. Студенттердің назарын сабаққа аудару) (2 минут)

2.Үй тапсырмасын тексеру (3 минут)

3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау және кейс әдісін қолдану бойынша нұсқаулық жүргізу (3 минут)

4.Іскерлік ойын (67 минут)

5.Сабақтың қорытындылап студенттерді білімін бағалау (3 минут)

6. Үй жұмысын түсіндіру (2 минут)

№ 6 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Алдын-ала тергеу сатысындағы тергеулік

әрекеттер

Сабақтың мақсаты: Кейс – әдісі арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру, алған білімдерін толықтыру, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуді үйренуге дағдыландыру.

1.Білімділік: Кейс әдісі арқылы студенттерге білім берудің маңызды сатысы міндеттерді шешу мен іс жүргізу құжаттарын құру, құқықтық нормаларды (ҚР ҚІЖК баптырын) іздеу және оларды іс жүргізу құжаттарына сәйкес талдау. Студенттердің білімін тексеру.

2.Дамытушылық: Студенттердің тергеу әрекеттерін түрлеріне байланысты қызығушылығын дамыту, адалдыққа, тұрақтылыққа тәрбиелеу. Өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру және ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Жұмысқа белсенділікті, ұқыптылықты дамыту. Студенттердың бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге, еңбекқорлыққа, жеке кәсіби сауаттылыққа, жауапкершілікке және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге тәрбиелеу. Кәсіби құзыреті: қолданыстағы құқықтық заңдарды қолдану;

нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасау; қылмыстық іс жүргізу

актілерінің үлгілерін толтыру.

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ – Іскерлік – ойын

Сабақта қолданылатын әдіс: Кейс-әдісі: жағдайларды талдау.

Пән аралық байланысы:

ҚР Конституциялық құқығы: тақырып: «Адам және азамат»,

ҚР Қылмыстық құқығы: тақырып: «Қылмыс құрамының элементтері»;

ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: тақырып: «Ақаматтық процестегі тараптар: талапкер, жауапкер»;

Криминалистика: тақырып: «Іздер туралы криминалистикалық ілім»

Сабақтың көрнекілігі:

1. Слайдтар (тақырып бойынша материалдар мен тапсырмалар).

2. LCD проект презентация (ҚР ҚК Тонау 178 бап бойынша бейнеролик).

3. Қылмыстық іс жүргізу құжаттардың үлгілері: («Затты тану үшін көрсету туралы хаттама», «Сезіктіні куәландыру хаттамасы»)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. (Студенттерді түгендеу. Студенттердің назарын сабаққа аудару) (2 минут)

2.Үй тапсырмасын тексеру (3 минут)

3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау және кейс әдісін қолдану бойынша нұсқаулық жүргізу (3 минут)

4.Іскерлік ойын (67 минут)

5.Сабақтың қорытындылап студенттерді білімін бағалау (3 минут)

6.Үй жұмысын түсіндіру (2 минут)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (2 минут): студенттермен сәлемдесу, түгендеу. Студенттердің назарын сабаққа аудару)

2.Үй тапсырмасын тексеру (3 минут):

1.Қылмыстық іс қозғаудың себептері мен негіздері?

Жауабы: азаматтардың арыздары, кінәсін мойындап келу, мемлекеттік органның, лауазымды адамның немесе ұйымда басқару қызметін атқарып отырған адамның хабары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар, лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.

2.Қылмыстық іс жүргізудің міндеттері?

Жауабы: ҚР ҚІЖК 8-бабына сәйкес қылмысты тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану.

3.Ауызша арыздар қалай қабылданады?

Жауабы: ауызша арыз тексеріліп, онда көрсетілген жасалған және жасалып жатқан қылмыс туралы нақты мәліметтер анықталады. Бұл жағдайда арыз берушінің жеке басы, тұрғылықты мекен-жайы не жұмыс орны, телефон нөмірі хаттамаға енгізіледі. Хаттамаға арыз беруші және оны жасаушы адам қол қоюы қажет.

3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау және кейс әдісін қолдану бойынша нұсқаулық жүргізу (3 минут):

Студенттерді топқа бөлу және әр топқа атау қою.

Оқытушының сөзі: Құрметті студенттер! Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Алдын-ала тергеу сатысындағы тергеулік әрекеттер»

Сабақтың мақсаты: алдыңғы теориялық сабақтарда алған білімдеріңізді тәжірибеде қолдана білуге үйретуге дағдыландыру. Яғни, алдын ала тергеу сатысындағы тергеулік әрекеттерді іс жүзінде көрсете білу. Ситуациялық есептердің дұрыс шешілуіне байланысты ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дұрыс қолдана білу.

Іскерлік ойын (67 минут)

Тәжірибелік сабақта жасалатын әрекеттер:

·топқа бөлу;

·пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі, топ басшысы мен топ мүшелері жауап береді);

·слайдтармен жұмыс;

·әрбір топқа әр түрлі жағдайлы есептер беру. Жеке жұмыс, ой-өрісін тыңдау (ой-шақыру), есептердің жауаптарды талдау;

·әрбір топ жағдайлы есептеріне іскерлік – ойын жүргізеді және студенттер арасындағы рөлдерді бөлісу арқылы тергеу әрекеттерін көрсетеді;

·студенттерге презентация көрсету (ҚР ҚК тонау 178-бап бойынша видеоролик);

·әрбір топтың жұмысын бағалау.

Екі топқа бөлінген оқушылар жеке –жеке отырғызылады, топ басшылары сайланады, құқық қорғау органының тобы құрылады.

1-топ «________________»

2-топ «________________»

1-кезеңіміз (12 минут). Іскерлік – ойын алғашқы бөлімі - пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі, әрбір топтың студенттері 6 минут ішінде жауап береді)

1-топ «________________» (6 минут):

1. Алдын ала тергеу дегеніміз не?

Жауабы: Алдын-ала тергеу дегеніміз –анықтау органдары, тергеуші және прокурор қылмыстық іс жүргізу заңдары талаптарына сәйкес қылмысты ашу, күдікті адамды ұстау қызметін, айыптау мақсатындағы дәлелдемелер, айғақтар жинау жөніндегі бірқатар тергеу және басқа іс әрекеттерді жүргізеді.

2. «Тергеушінің» құзыреті және құқықтары;

Жауабы: Тергеуші – ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының және қаржы полициясының лауазымды тұлғасы. (ҚР ҚІЖК64-бап). Құқықтары: қылмыстық істі қозғауға; ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге; өз өндірісіндегі барлық тергеу қызметін орындауға; тексеруге; тінту және басқа да тергеу істерін жүзеге асыруға; және т.б.

Қосымша № 1 қарау.

3. Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды, тергеуші неше сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті?

Жауабы: (12 сағат ішінде).

4. «Куә» мен «Куәгердің» айырмашылығы (Мысал келтіру);

Жауабы: Куә- айғақ беру үшін куә ретінде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам шақырылуы мүмкін және одан жауап алынуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 82-бап).

Қосымша № 2 қарау;

Куәгер – іске мүдделі емес, қылмыстық процесті жүргізуші органның тергеу әрекеттерін толық және дұрыс қабылдауға қабілетті адам. Ол қылмыстық ізге түсу органдарынан тәуелсіз тергеу іс-әрекеттерін жүргізу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін куәландыру үшін тартылады. Осы мақсатты кем дегенді екі куәгер іске тартылады. (ҚР ҚІЖК 86-бап).

Қосымша № 3 қарау.

5. «Жәбірленуші» міндеттері және құқықтары;

Жәбірленуші- қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғарған анықтаушы, тергеуші органдардың, тергеушінің, прокурордың, судьяның немесе соттың қаулысы шыққан адам (ҚР ҚІЖК 75 - бап).

Қосымша № 4 қарау.

6. Алдын ала тергеу жүргізудің тергеуші қаулылардың көшермелерін неше сағаттан кешіктірмей прокурорға жіберіледі?

Жауабы: ( 24 сағат ішінде).

7. «Эксгумация» дегеніміз не?

Эксгумация – адам мәйітінің жерлеген жерінен қазып алу (эксгумация) тергеу әрекеті, қажетті жағдайларда мәйітке тексеру жүргізу, оны тану үшін немесе сот-медициналық және басқа сараптама жүргізу. (ҚР ҚІЖК 225- бап).

Қосымша № 5қарау.

2-топ «________________» (6 минут):

1.Тергеу іс-әрекеттері дегеніміз не?

Жауабы: Тергеу іс-әрекеті дегеніміз – қылмыстық іс бойынша тергеудің негізгі мазмұны деп қылмыстық іс жүргізу дәлелдемесі танылады, себебі, тергеушінің қызметі заңмен белгіленген іс жүргізу нысанында жүзеге асады. Бұл әрекеттер қылмыстық істі объективті және толық анықтау үшін маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі мәліметтерді белгілеуге бағытталады.

2.Тергеу іс-әрекеттерінің түрлері нешеге бөлінеді?

Жауабы: Тергеу іс-әрекеттерінің түрлері 16 түрге бөлінеді: қарау, күдіктіні үстау, жауап алу, беттестіру, тінту, алу, тану үшін көрсету, куәландыру, сараптама тағайындау және т.б..

3.«Күдікті» мен «Айыпталушының» айырмашылығы (Мысал келтіру);

Жауабы: Күдікті –қылмыстық іс жасағаны туралы күмән кетірілген, қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айыптағылған дейін жолын кесу шарасы қолданылған тұлға (ҚР ҚІЖК 68-бап).

Қосымша № 6 қарау.

Айыпталушы – жауапқа тарту туралы қаулы шыққан не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам. (ҚР ҚІЖК 69-бап).

Қосымша № 7 қарау.

4.Алдын ала тергеудің міндеттері?

Жауабы: Алдын ала тергеудің міндеттері – бұл қылмысты тез және толық ашу, оны жасаған адамды табу және бөлектеу.

5.«Тінту» және «Алу» тергеу іс-әрекеттерінің айырмашылығы?

Жауабы: Тінту –бұл заттай дәлелдеме бола алатын, іс үшін маңызы бар қылмыс қаруларын, қылмыс жолымен алынған құндылықтарды, құжаттарды, басқа да заттарды алу және табу мақсатында іздеуге бағытталған ммәжбүрлі тергеу әрекеті. (ҚР ҚІЖК 230-бап).

Қосымша № 8 қарау.

Алу – іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттардың қайда және кімді екенді анық болғанда, тергеушінің оларды алып қою мақсатымен жүргізілетін тергеу әрекеті. (ҚР ҚІЖК 231-бап).

Қосымша № 9 қарау.

6.Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі тергеші неше сағат ішінде прокурорға жіберіледі?

Жауабы: (24 сағат ішінде).

7.Жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығын неше сағаттан аспауға тиіс?

Жауабы: (8 сағаттан аспауы тиіс).

2-кезеңіміз (8минут): Слайд шоу: «Тергеу әрекеттерінің түрлеріне» фотосуреттер көрсету. Әрбір топқа әр түрлі фотосуреттер бойынша тапсырма беріледі, сол фотосуреттерге қатысты ой-өрісі тыңдалады (ой-шақыру), жауаптары талданады.

3-кезеңіміз (30 минут). Әрбір топ өздеріне берілген жағдайлы есептеріне көрініс көрсетеді. Студенттер, арасындағы рөлдерді өзара бөлу арқылы тергеу әрекеттерін жүргізеді. Қарсы топ олардың жұмыстарын бағалап, заңға қайшы келетін іс –әрекеттеріне қатысты өз ой пікірлерін ұсынады.

Көрініс бойынша қылмыстық іске қатысушы субъектілерінің рөлдері :

·Тергеуші;

·Жәбірленуші;

·Күдікті;

·Статисттер;

·Куәгер;

Сабақ тапсырмасын анықтау және көрініске қатысушылардың жоспарларын дайындау. Көрініс көрсету, әрбір студенттер өзінің жоспары бойынша әрекет жасайды. Жағдайлы есептерге сәйкес процессуалдық құжатты толтырады.

Әрбір топ іскерлік ойынды көрсетіп бір –біріне жіберілген қателіктерді айтып, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын көрсетеді. Ойынның және қабылданған шешімдердің дұрыстығын мен кемшіліктерін барлық қатысушылардың талқылауы.

1-топ «________________» (15 минут):

Жағдай есеп № 1

Жедел іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Масаевтың 2012 жылы, мамыр айында азамат Тәшібаевқа жасаған қарақшылыққа қатысты екендігін анықталды. Жәбірленуші ретінде жауап алынған Тәшібаевтың айтуы бойынша, кавказ ұлтты екі белгісіз адам оның пәтеріне кіріп, мүліктерін иеленіп кеткен. Тәшібаев шабуыл жасаушылардың біріне қарсыдық көрсетуге талпынған кезде, тонаушылардың біреуінің сол жақ йығындағы ай мен жұлдыз түріндегі татуировканы есіне сақтап қалған.

Тапсырма:

1.Масаевқа тергеу куәландыруын жүргізу жайлы, қаулы шығарыңыздар;

2.«Сезіктіні куәландыру» жайлы іскерлік ойын ретінде, осы тергеу әрекетін жүргізіндер;

3.Масаевтың куәландыруының нәтижелерін процессуалды түрде рәсімдендер.

2-топ «________________» (15 минут):

Жағдай есеп № 2

Аубакировтың пәтерін тінту кезінде сары металлды ер адамның қол сағаты табылды. Сыртында «АИ-583» белгісі көрсетілген. Аубакиров сағатты ҚР аумағынан кетіп қалған жолдасы силағандығын түсіндірді.

Осы прокуратураның құқық жөніндегі мәліметтер және санақ орталығынан сұрау барысының нәтижесінде, осы сағат жарты жыл бұрын азаматша Овечкинаның пәтерінен басқа да заттармен қатар ұрланғаны туралы анықталды.

Тапсырма:

1.Заттарды тануға ұсынуды іскерлік ойын ретінде жүргізіңдер;

2.Тергеу әрекетінің хаттамасын дайындағыздар;

3.Алғашқы жауап алу барысында Аубакиров айтуы бойынша, пәтеріне полиция қызметкерлері келген күні үйде оның немере ағасы Болабаев болған, ал өзі іс сапарда болғандығын дәлел ретінде келтірді.

4-кезеңіміз (17 минут): студенттерге презентация көрсету (ҚР ҚК тонау 178-бап бойынша бейнеролик). Осы бейнероллик бойынша екі топ, тергеуші қандай қылмыстық процессуальдық қателіктерді жібергенін тауып мына мәселелерді қамту қажет:

·берілген бейнеролликта, ҚР ҚК қандай бапқа сәйкес және қылмыстың түрін ажырата білу, талдау.

·Тергеліп жатқан оқиғаның құқылық дәрежесі қандай?

·Тергелетін жағдайға қатысушы кімдер?

·Қандай дәлелдемелер бар?

·Қылмыстық істің дәлелдемелерді қалай бағаланған?

·Қылмыстық іс жүргізу заңдары бұзылды ма?

5-кезеңіміз. Іскерлік ойынды қорытындылап, оқушыларды бағалау (3 минут): Оқытушы екі топты сараптайды және бағалайды, жіберілген қателіктерді айтып, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын көрсетеді. Әр студенттің жұмысын сараптап, бағалайды.

Оқытушының қорытынды сөзі: Осы бүгінгі «Алдын –ала тергеу сатысындағы тергеулік әрекеттер» тәжірибелік сабағын қорытындылай келе, қылмысты тез және толық ашу, оны жасаған адамды табу және әрбір іс бойынша алдын ала тергеу жан-жақты, толықтылығы, объективтілігі, алдын ала тергеудің сапасын арттыру мақсатында заңдылықтың сақталуы ашып көрсетуде, әрбір құқықтану мамандырылған студентінің өзіндік ой тұжырымдамалық көзқарасы бар. Өз пікірін ашық айтып жеткізе алатын, күнделікті өмірдегі болып жатқан қылмыстарды ҚР ҚІЖК мен саралай алатындай, болашақта білікті заңгер мамандарды даярлау.

Үй жұмысын түсіндіру ( 2 минут): Тергеу іс – әрекеттерінің түрлеріне кроссворд жасап келу. ҚР ҚІЖК 228, 229, 230, 231, 233- баптарды оқу және бес жағдайлы есептер құрастырып келу, процессуальдық құжаттарды жасау.

Негізгі әдебиет тізімі:

1.Казакстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. (кейінгі толықтырулармен, өзгертулермен).

2.Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1997 ж. (кейінгі толықтырулармен, өзгертулермен 2012ж);

3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы. 2001. (кейінгі толықтырулармен, өзгертулермен 2012ж).

4.Әбішева Ғ.Қ., Мылтықбаева Г.Қ. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы» бойынша сызбалар (Жалпы бөлім) Астана 2005

5.Кунева Ж.С. «ҚІЖҚ пәні бойынша тәжірибе сабақтарына арналған жаттығулар жинағы» Қарағанды 2012ж

Қосымша әдебиет тізімі:

1.Нұрмашев Ү.Ө. «ҚР ҚІЖҚ» Алматы «Жеті Жарғы» 2008ж;

2.Қылмыстық іс жүргізу актілерінің үлгілері (сотқа дейінгі саты) тәжірибелік оқу құралы Т.Е.Сарсенбаев Қарағанды Болашақ баспа 2010ж;

3.«ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша практикум» Ү.Нұрмашев, Г.Рахымжанова Алматы 2011ж.

 
Қосымша: prilozhenie.doc [103 Kb] (cкачиваний: 10)
Презентация: Prezentaciya.zip [225.54 Kb] (cкачиваний: 14)
скачать dle 11.0фильмы бесплатно