Разработка урока по литературному чтению по теме «Малды көктемде бағып күту»

Реклама
Закрьин Айбек Жасуланович
Учитель начальных классов
КГУ «Петровская средняя школа»

Мақсаты: Жаңа сабаққа оқушыларды белсенді қатыстыру,мәтін мазмұны, 4 түлік бойынша мағлұмат беру.

Міндеттері: әдет-ғұрып, салт дәстүрді бірге тәрбиелеу, өлі –тірі табиғатқа қызығушылықтарын, қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі:бүктемелер, демострациялық материалдар,сурет «Мал өрісі» шаблондар.

Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу жұптық жұмыстар

Түрі: ойын сабақ :

Барысы:

І Ұйымдыстыру:- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз мал өрісінде өтеді:Сабақ кейіпкерлері – төлдер.

- Төлдің қандай түрлерін білесіңдер?

- бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.

ІІ. (Есік қағылады, Алдаркөсе келеді)

-Ассалаумағалуйкум, Алдаркөсе

-Уағалейкумассалям, балалар?

-Алдаркөсе өзінің қоржынын ала келіпті, сыйлықтары бар екен. Оларды алу үшін сабаққа қалай қатысуымыз керек.

Ойын:«Төлдерді өріске айда»

Мұғалім:- Мен сендерге төлдер суретін таратамын. Сыртында сұрақтар бар. Дұрыс жауап берген бала тақтадағы өріске апарып қояды.

Сұрақтар:

  1. «Бота» туралы тақпақ айт.
  2. Қошақанды суреттеп бер.
  3. Төлдерді сүйсініп не деп атайды.
  4. Төлдердің қимылын білдіретін сөздерді ата.

а) Оқулықпен жұмыс: (мәтін оқылып, сұрақ-жауап алынады)

ә) – Малды қалай бағып күтеміз?

- Мал мен жабайы аңның айырмашылығы.

- Үйден мал тіршілігі туралы әңгіме.

Сергіту сәті: Ән: «Төлдер»

б) Дәптермен жұмыс: түйе – бота, сиыр – бұзау, жылқы – құлын, қой-қозы, ешкі – лақ.

- Малға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

- Малды теппе,

- Малды басынан ұрма.

- Малға теріс мінбе.

в) «Төлдерді шақыру» ойыны

Мұғалім:- Балалар біз төлдерді өріске айдағанбыз. Енді оларды, қалай шақырамыз. Бота – көс-көс, құлын – құру-құру, қозы – пұшайт-пұшайт, лақ-шөре-шөре, Алдаркөсенің сыйлығын тапсыру.

IV. Үйге тапсырма:91-бет, эссе «Төлдер»

V. Қорытынды:пысықтау, бағалау.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно