Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

Елемесов Азильхан Исембаевич
Тарих пәні мұғалімі
Өркен ЖОББМ

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз».

Әлемдік сарапшылар білім жүйесін салыстыруға келетін 48 елді назарға алып отыр. Олар алдымен білім саласына салынған инвестиция көлемін, мамандар дайындау мәселесін, оқу орындары арасындағы әріптестік тағы да басқа 20 шақты критерийді негізге алған. Сол бойынша анықталған білім беру жүйесі ең озық тұрған 26 ел бар десек: алғашқы бестікке АҚШ, Швеция, Канада,Финляндия және Дания кіреді.

Білім мазмұнын реформалауда бағалау жүйесіне өзгерістер еңгізу қажеттілігі жатыр:оқушылардың үлгерімі, оқу орындарының қызметі, мұғалімдердің біліктілігі.

ХХ ғ 90 жж бағалау жүйесін модернизациялау маңызды орынға шықты. Оқыту нәтижелерін бағалауда жаңаша жолдарын іздестіруде әр түрлі елдерде алға қойылуда.Бағалау жүйесін жаңартуда ЕО елдері келесі түсініктер жасақтау үрдісі жүріп жатыр:

Баға үшін бастама болу керек: басқаша оқушылармен салыстырғандағы оқушының жеке-тұлғалық қалыптасуы /салыстырмалы критериалды бағалануы/,бағалардың шынайы қойылуы.Бағалау үдерісінің сапалығын қалай қамтамасыз етуге болады?Осы проблемаларды шешу батысевропалық елдерде оқыту деңгейін, орта білім беру сапасын көтеруде маңызды қадам болады.Оқушылардың үлгерімін бағалау бағалаудың кең таралған түрі. Оқушыларға сабақ барысында сұрақтар қою арқылы жауап алу,әр түрлі жұмыс түріне баға қою.Сыныптағы бағалаудың нормативті және критериалды бағалау.Оқушылардың оқу үлгерімін бағалаудың сыныптан сыныпқа көшіру кезінде қолданылатын бағалау түрі оқушылардың жыл бойы алған білімдерін бекіту мақсатында қолданылады. Шетел зерттеушілерінің айтуынша бағалаудың бұл түрі оқушылардың дамуының шынайы көрінісін көрсете алады .

Жалпыорта білім беретін мектептерде бағалау түрлері келесідей:

Батысеуропалық елдерде бағалаудың ауызша, жазбаша, тестілеу түрлері көптеп қолданылады.Мысалы Австрияда тұрақты бағалау,емтихандар блогынан тұрады.Оны пән мұғалімі өзі өткізіп, бағалайды.Елдегі білім беру жүйесінің міндетті ережесі болып табылады. Жұмыс барысында оқушылардың білімін бекіту, кеңейту мақсатында 15 минуттық ауызша жауап беру қалыптасқан.Жазбаша емтиханнан оқу жылы ішінде тіл, математика сияқты бастапқы маңыздағы пәндер бойынша 1 сағаттық мерзімде өткізіледі.Жоғары сыныптарда жазбаша жұмыс 2-3 сағатқа созылуы мүмкін.Барлық пәндер бойынша қысқа жазба тестілері 25 минут ішінде өткізіледі.Ол жүйе 1974 жылдан бастап еңгізілген. Бағалау 5 балдық жүйеде қолданылады.

Ұлыбританияда білім беру стандарттарын көтеру және ата-аналарды балаларының жетістіктері туралы мәлімет беру мақсатында білім берудің орталық огандарына жаңаша жолдар іздеу қажеттілігі туды.Осы мақсатта оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың ұлттық жүйесі еңгізілді. 7, 11, 14, 16 жастағы оқушыларға тест өткізу алға қойылды. Ол оқушылардың әр жас аралығында білім деңгейлерін аңықтауға көмектесті.

Жүйе ұлттық тестілерден тұрады. Оған 16 жасқа толған оқушылардың орта білім туралы куәлік иелену мақсатында жазбаша және ауызша тапсырмалар жатады.

Бағалау 10 балдық, деңгейлік жүйеге негізделген. 16 жастағы оқушыларды бағалауда А, В, С, D, Е, F, G 7 балдық жүйе бойынша бағалау жүзеге асырылады. G деңгейіндегі бағаны алған оқушылар оқуды кәуліксіз аяқтайды. Білім алғандығы туралы аңықтама беріледі.

Германияда бағалау жазбаша тапсырмалар және ауызша сұрақтар қою арқылы жүзеге асырылады.Олар тоқсандық мәліметтер ретінде жазбаша, ауызша емтихандардан алған бағаны есепке ала отырып жылдық бағаны шығарады.Бұл жерде 6 балдық жүйе қолданылады.6 балл ең төменгі болып есептелсе,1 балл керісінше ең жоғары нәтиже ретінде қарстырылады./1- өте жақсы, 2-жақсы, 3- қанағаттанарлық,4- сәйкесінше/стандартқа сай, 5- нашар, 6- өте нашар/.Норвегиядағы мектептерде оқушылардың білімін бағалау келесідей: Бастауыш мектептерде/1-6 сыныптарда/ оқушыларды формалді бағалау жоқ. Ата-аналар мен мұғалімдер жылына 2-3 рет жиналып оқушылардың білім сапасын талқылайды. Негізгі мектепте (7-9 сыныптар) оқушылар негізгі пәндер бойынша жылына 2 рет бағаланады.Бастауыш мектепте 5 баллдық жүйе бойынша бағаланады. G (өте жақсы), М (өте жақсы),G (жақсы),NG (қанағаттанарлық), LG (төмен)7.9 сыныпта жазбаша емтихандар 3 пән бойынша норвеж, ағылшын тілдері және математикадан өткізіледі.1994 жылдан бастап заң бойынша осы жүйе еңгізілген. Орта мектептерде 7 баллдық жүйе еңгізілген 0 ден 6:6-5 (орташадан жоғары),4-3- (орташа),2-1-0 (орташадан төмен) пәнді тапсырудың ең төменгі балы – 2.АҚШ-та бағалау әріптік жүйеде жасалған:А- В — С —Д —F

Сыныптан-сыныпқа көшу үшіноқу үлгерімі С бағасынан төмен болмауы керек.В бағасы мектеп бітірушілер үшін міндетті. Данияда бағалаудың 7 баллдық жүйесі еңгізілген.Ол 13 баллдық жүйенің орнына келген. Финляндияда бағалау 0-ден 10 балл аралығы. 4-тен төмен бағалар қойылмайды.4-қаңағаттанарлықсыз,ал 5-10 – қаңағаттанарлық деп есептеледі. Кей жағдайда екі бағаның аралық бағасы да қойылады. 9-10 деген бағаны оқушылар қосымша тапсырмалар орындаған жағдайда қойыладын.

Мектептегі білімнің ортақ жүйесін құру идеясы 1960 жылдары Швейцарияда пайда болған, ол International Baccalaureate (IB) атауына ие болды. Қазіргі таңда IB бағдарламасымен әлемнің 144 елдеріндегі 3500 мектептерінде оқытылуда, оның дәрежесі аттестатқа теңестірілген және 75 елдің 2000 университеттерінде IB емтиханының нәтижелерін мойындап отыр. Бағдарлама 4 деңгейден тұрады және олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген. IB бағдарламасы біздің еліміздің білім беру жүйесіне еңгізу қажет деп есептеймін.

Сонымен Австрия мен Ұлыбританиядағы оқушылардың қорытынды білімдерін тексеру емтихандарын салыстырар болсақ, Австрия тәжірибесі тиімді деп есептеймін. Себебі оқушылардың әр сынып, әр пән бойынша алған білімдерін қорытындылау білім сапасын арттыруда нәтижелі болады, оқушылардың білімін тексеруге, өз бағасын түзетуге арналған ауызша сұрауға уақыттың бөлінуі білім сапасын арттыруда тиімді.

Назарбаев зияткерлік мектептерінде критериалды бағалауды еңгізуде 2010-2011 оқу жылы дайындық кезеңінен өтіп. 2011-2012 оқу жылынан бастап ІV кезеңі жүргізіліп келеді.

2012 жылдан бастап Қазақстанға Кембридж Университетімен бірігіп еңгізілген Деңгейлік курс бағдарламасы негізінде І, ІІ, ІІІ деңгейлік курстары Педагогикалық шеберлік орталықтарында мұғалімдерді жаңа форматтағы біліммен қаруландырып келеді. Деңгейлік бағдарлама 7 модульді қамтиды. Солардың ішінде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау маңызды орынға ие. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқудыбағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.

Бағалаудың мақсаты неде? Әдеттебағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған. 1. Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады. 2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады. 3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.Faculty of Education 57 Center of Excellence 4. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) оқыту немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады. 5. Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талдауы халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған, одан басқа стандарттың микро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестігін бақылау үшін ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады. 6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды. Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдер сабақтарда бағалаудың формативті, суммативті түрлері қолданады. Деңгейлік курс мұғалімдерінің сабақтарына қатысып әріптестер жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеруде. Осы орайда педагог кадрларды даярлау және біліктілігін жетілдіру курстарының жүргізілуі мұғалімдерімізді өзгертсе, ал олардың оқушылардың және әріптестерінің көзқарастарын өзгертуі біз үшін қуанышты жайт.

Қазіргі мұғалім - педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; білімді, іскер, шебер болу керек. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері- өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан- жақты дамыту.

Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы - дүниетаным қабілеті жоғары; дарынды өнерпаз; іздемпаз, талапты; өз алдына мақсат қоя білу керек.

Осы біліктілікті арттыру курсында оқып-үйренгендердің ішінен,мені қатты толғандырған – оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау болды. 5 балдық бағалау жүйесінің біздің мектебімізде де нақты бағалауды көрсетпейтіндігінде. Ол мәселені шешуде деңгейлік бағдарламаның көмегі көп болып отыр.Бағалаудың формативті,суммативті бағыттарын толық білмейтіндігімізге көзім жетті. Біздер сабақ үдерісінде оқушыларды ынталандыру мақсатындағы формативті бағалау түрлерін тиімді пайдаланбағанымызды,кейбір элементтерін қолданғанымен, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында үнемі қолдануды жөн көрмегенімізді, оқушылардың өздерін және өзара бағалауына да көңіл бөлмегенімізді түсініп отырмын. Өз бағасына көңілі толмаған оқушының сол бағаны нақты қандай критерий бойынша қойғанымызды да айта алмай жатамыз.Осы орайда критериалды бағалау жүесінің маңыздылығын түсінеміз.Сабақта критериалды бағалауды еңгізу арқылы оқушылардың өздерінің білім деңгейлерін нақты аңықтай білуге, өз бетінше ізденіп, жұмыстануда неге бағыт алу қажеттілігін түсінеді.

Бұл деңгейлік бағадарлама бізге нені берді?деген сұраққа жауап берер болсам.Бағалау үдерісіне енгізілген өзгерістер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, өздеріне деген сенімділігін арттырды,тұйық оқушылардың өз ойын ортаға салып ашылуына, өз-өздеріне және сыныптастарына шынайы баға беруге, критерийлер белгілей отырып өздерінің даму деңгейлерін аңықтап әрі қарай дамуына мүмкіндік беріп отыр.Оқушылардың бағалауға деген көзқарасы өзгерді.Сонымен бірге бағдарламаның тәрбиелік мәні де бар: оқушылар бірлесіп еңбектенуге,бір-бірін сыйлауға, пікірілерімен санасуға дағдыланып келеді.Бағалау үдерісі мектептің дамуына да өзіндік ықпалын тиігізген болатын.

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 

Білім сапасын арттырудағы оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың алатын орны

 Скачать презентацию: Prezentaciya.zip [256.68 Kb] (cкачиваний: 736)

скачать dle 11.0фильмы бесплатно
  • 25 983
  • 0