Педагогикалық технология әдіс-тәсілдерінің іс-тәжірибеде жүзеге асуы

Сдыкова Гулшат Габиденовна
Преподаватель специальных дисциплин
Каскеленский гуманитарно-технический колледж

Педагогикалық технология әдіс-тәсілдерінің іс-тәжірибеде жүзеге асуы

 

Республика ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдай білетін, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпе, ізденіспен жұмыс жасап отырса, онда оның жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе,оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр.

Экономикалық пәндер мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Педагогикалық психология бойынша студенттің мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр студенттің қабілетіне қарай есеп тапсырмаларын, үй жұмысын студенттің ерекшкліктерін ескере отырып беру қажет. Сабақты өткізудің жаңа әдістерін жетілдіре түсуге болады:

Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы студенттердің ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде бермей, студенттердің алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар еліміздегі экономикалық ақпараттарды пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.

Екіншіден, студенттерге қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде халықтық педогогиканы пайдаланып оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда студенттің ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін студент өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе, білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – ынтымақтастықта оқыту технологиясына ұлттық педагогиканы енгізу.

Оның негізгі ерекшеліктері:

-топтар алдын ала мұғалім басшылығымен жасақталады;

-көбіне топтар тең шамалас, әртектес болады;

-топтық тапсырманың әр мүшесі әр бағытын орындайды;

-жеке студенттің емес, топтың жұмысы бағаланады;

-топ атынан сөйлейтін студентті өзге топ не мұғалім таңдайды;

-жеке білімді тексеру бөлек жүргізіледі.

Біз өз тәжірибемізде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электонды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземіз. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені ұға алмағанын білуге болады.

Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным-түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Психологтер мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХХ ғасырдың аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне айналды. К.Гроосқа дейін иитальян оқымыстысы Д.Колоцца балалар ойыны туралы материалдарды жүйеге келтіріп, ойынның педагогикалық, психологиялық маңызын ашуға әрекет жасады. Ал ғалым-психологтер К.Гроос, Э.Клапаред, А.Диваев, Р.Гаупп, Н.Виоградов, В.Вахтеров және т.б. ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты.

Ойын мәселесінің кең, жан-жақты, салалы зерттелуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, т.б. тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, әлі толық шешімін таппаған. Сондықтан бүгін ойын әрекеті түрлерінің бірі - іскерлік ойындарға оның педагогикалық мәніне, жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастырудағы мүмкіндіктері жайлы тоқтала кетпекпіз.

Іскерлік ойын - бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол оқытушының басқаруымен, студенттердің өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Оқу үрдісінде іскерлік ойындардың мына түрлері қолданылады: рөлдік, операциялық, ұйымдық іскерлік ойындар.

Әдетте ойын элементтерінің екі түрі қолданылады:

1) белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жалпы танымдық тапсырмалар (міндеттер);

2) арнайы тапсырмалар.

Іскерлік ойындарын өткізудегі оқытушының міндеттері мыналар:

- белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті иллюстрацияларды іріктеу;

- дидактикалық материалдар дайындау;

- әр студентке тапсырма беру;

- студенттерді рөлге, топтарға бөлу;

- міндеттерді белгілеу;

- мүмкін болатын жауаптар туралы ойлау;

- студенттердің қызығуын ояту.

Дайындық кезеңі.

1. Ойынды дайындау;

- сценариін құру;

- жоспар құру;

- мазмұнын меңгеру;

- материалмен қамтамасыз ету;

2. Ойынға кіріспе:

- проблемалық мақсат қою;

- шарттарын білу;

- топ құру;

- ролдерді бөлісу;

- жалпы түсінік беру;

- тиісті консультация беру;

Талдау және қортындылау кезеңі.

-Ойынға қортынды жасау;

-Талдау, рефлекция;

-Баға және өзіндік баға;

-Қортындылау , жинақтау;

-Ұсыныстар беру;

Экономикалық және қаржы бағыты бойынша білім алатын студенттерге экономикалық пәндерді оқыту барысында ойын технологиясын қолдану арқылы болашақ кәсібіне деген қызығушылықты оятуға болады.Әр бір студент жеке дара маман иесі ретінде өздерін сынап көруге мүмкіндік береді. Мысал келтірсек: Бір тәжірибелік сабақта бірнеше студент маман иесі ретінде сыналады. Ең бірінші оқытушы сабақтың мақсатымен өту барысын түсіндіріп өтеді. Екіншіден сол тәжірибелік сабаққа арналған көрнекілік құралдарды көрсетіп, егерде құжаттармен жұмыс болса, әр бір студентке таратып береді. Құжаттардың мәні мен мағынасын егжей - тегжей түсіндіріп, толтыру тәртібінде көрсетеді. Келесі кезекте студенттер өз бетінше толтырады. Оқытушы сабақтың өз мақсатына жету үшін студентттерді әр сабақта мамандар бойынша рөл береді. Бірі клиент, есепші (Бухгалтер), касса меңгерушісі, кеңес беруші тағы сол сияқты жауакершіліктерін бөліп қояды. Ал студенттер сол алынған жауапкершілікті танып, құжаттарды зор ықыласпен, мұқиятпен толтырады.

Жаңа технологины білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно