Развитие критического мышления через чтение и письмо

Джунусова Айнур Балгабаевна
Преподаватель казахского языка и литературы
КГУ «ИТК № 1» города Атбасар

Развитие критического мышления через чтение и письмо

 

XXI ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

Әрбір мемлекеттің өсіп – өркендеуінің, бәсегеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс – тәсілдерді қолдана білу, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой өрнегі болуы керек. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер мұғалім соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиялары жеткілікті.

Технология дегеніміз – белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Соңғы жылдары кеңінен пайдаланып жүрген технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдану арқылы танымдық іс – әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. СТО технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығы қалыптаса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу, сол білімді нәтижелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша сабақ үш кезеңге бөлінеді.

І. Қызығушылықты ояту

Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып,қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту.

Бұл қызығушылықты ояту кезеңі - «жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.

ІІ. Мағнаны ажырату. Белсенді түрде оқу.

Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, ББҮ, сұрақ қоя білуді үйрену, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қортындылауы.

Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін қолданып қорытындылайды.

Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсері көп. Топтың алдына қойылған проблеманы шешу мақсатында, оқушының жинақтаған біліміне азды-көпті өз тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әрекет қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынада:

1.Топ жеке адамның пікірімен санасады.

2.Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады.

3.Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық дамиды.

4.Бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдылары қалыптасады.

5.Бойларындағы жасқаншақтық, жалтақтық, ұяңдық сияқты психологиялық мінез кеселдерін жоя отырып, мінез күштерін қалыптастырады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту дегеніміз не? – деген сұраққа американдық профессор Дэвид Клустер, сыни деп айтуға келмейтін құбылыстарға тоқтала отырып, сыни тұрғыда ойлауды анықтайтын үш пункті ұсынды:

Біріншіден, сыни тұрғыдан өзіндік жеке ойлау болып табылады дейді (мысалы сабақ барысында әр оқушының өз ойлары мен пікірлерін басқалардан тәуелсіз құруы).

Екіншіден, сыни ойлауды тудыратын білім дәлелдемелері екеніне тоқталады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады, - дейді.

Бұл жерде адамзат баласының Абай айтқандай, үш түрлі мінезбен туатыны, яғни соның бірі көрсем, білсем деген талпыныс құмарлығы туралы пікірімен үндеседі.

Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретеді. Бұрын үндемей отыратын балалардың ерекше өтетін сабақ барысында еркін сөйлеп, қызу араласа отырып, ойларын ашық жеткізулеріне сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызады

 
Скачать презентацию: Prezentaciya.zip [203.75 Kb] (cкачиваний: 4)
скачать dle 11.0фильмы бесплатно