Қазақстаның көп ұлттылығы – егемен еліміздің тұғырлы құндылығы

Закарина Инават Жасулановна
2 курс, 0104000 «Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)» мамандығы
ГККП "Уральский колледж газа, нефти и отраслевых технологий"
Жетекшісі: арнай пәндер оқытушысы
Имангалиев Азамат Дузелбаевич

Қазақстаның көп ұлттылығы – егемен еліміздің тұғырлы құндылығы

 

"Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады...”

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі және осыған сай Қазақстан сияқты жас мемлекттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір.

Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген. Мемлекеттің мемлекет болуы – бірлікте. Ал бірлік дегенің – халық салты. Еліміздің ел болып еңсе түзегеннен бергі қанға сінген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп келеді. Оған халық пен талайды өткерген тарихымыз куә. 23 жылға созылған уақыт ішінде әлем алдында абыройлы мемлекет атауымыздың бір себебі- президентіміз Н.Ә.Назарбаев айқындап берген бейбітшілік пен келісім және осы бағыттан таймай жүрген халқымыздың ұлттық бірлігі. Осы күндерге дейін қазақ жері Еуропдағы Ынтымақтастық пен Қауіпсіздік Ұйымының 11 жыл үзіліп қалған САММИТ –ін Астанада дүркірете өткізіп, жер жүзінің небір алып мемлекеттерінің басшыларының басын қосып, адамзат болашағына қатысты басқа да құтты қадамдар жасап үлгерді. Басқасын айтпағанның өзінде жыл сайын әлемдік діндердің съезі өтіп, әлем дін өкілдерінің елімізде бас қосуы – біздің бейбітшілік пен келісімді нық ұстанған, ұлттық бірлігіміз жарасқан ел екендігімізді баяндайды. Сондай – ақ Тұнғыш Президентіміздің Ұлттық Лидеріміздің халқына деген қамқорлығы, әсіресе,кемеңгерлік саясаты, даналық басшылығы серпін, өрлеу беруде. Қай рухани ілім болмасын пендеге дұрыс та, мәнді, қиянатсыз ғұмыр кешуді үйретеді, соған тәрбиелейді. Егер жер бетіндігі жетекші діндерт білек біріктіріп, тіліек тоғыстырса, онда ол жасампаз ұлы күшке айнала алады.Осыны баршадан бұрын ұққан, зерделеген Елбасымыз рухани сенім мен нанымиелерінің ғаламдық кеңестерін өткізуге болмашы бола білді.

Жалпы, Қазақстан және Президентіміз Н.Назарбаев әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауда көптеген іс – шараларды атқарып жүр. Сонымен қатар, бебітшілік пен келісімді әрі қарай дамытуда үлкен жобалар мен жоспарларды ұсынып жүрген біден – бір тұлға – Президент Н.Назарбаев. Мәселен, ғаламдық әлем құрылысының конфессиялар аралық үнқатысуларды жаңа сапалы биіктерге көтеретін маңызды құралының бірі Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынған діндер лидерінің кеңесін құру болып табылады. Оның құрамында Ислам, Христиан, Идуаизм, Буддизм, Синтоизм және Зороастризм секілді әлемдік жетекші конфессиялардың өкілдері енді. Оның алғашқы отырысында Мемлекетіміздің басшысы жаңа органның құрылуын заманауи ғаламдық үрдістердегі діндер мен конфессиялар үнқатысулар маңызының уақыт санап өсіп келе жатқанмен байланыстырады. Елбасымыз рухани көшбасшылар съезін шақыру жөніндегі бастамасы да түлі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың діндер аралық және мәдениеттер аралық үнқатысуларды алға жылжытудығы қайраттарына қажыр қосуда. Қазақстан этностар аралық және конфессиялар аралық келісімдер жайларын шешуде жинаған тәжіребиесімен беделді рухани конгресстерде де бөлісуде.

ҚР конституциясы тұтастыңтың, татулықтың кепілі болғандықтан Қазақстан халқы түсінік, достық, бейбітшілік және келісім жағдайында бейбіт өмір сүріп келеді. Статистика деректері бойынша, елде 140 этнос пен 46 дәни қауымдастық бар екені белгілі. Этностар мен діни қауымдастықтардың осншама көп екеніне қарамастан, елімізде ешқендай келіспеушілік, дүрдараздық белең алмаған. Барлық ұлт, барлық дін өкілі Мәңгілік Қазқстанымызды ортақ Отаны санайды. Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың екіншісі қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім екенін Президентіміз Н.Назарбаев "Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты биылғы халыққа жолдаған Жолдауында да айтып өтті. Бұл бәріміздің жадымызда мәңгілік сақталатыны сөсіз.

Бүгінде біздің бірлігіміз – ол жаңа 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың шешуші факторы. Ең дамыған мемлекеттердің 30–на ену – ол біздің мақсатымыз және барлық қазақстандықтардың ортақ тағдыры. Стратегияда біздің ұлы көпэтносты халқымыздың даналығы көрініс тапқан. Ол біздің бітімнің, рухани келісімнің айрықша мәдениетінің жоғары қағидаларынан арқаулық табады.

Біріншіден, ол этностық, тілдік, діни және әлеуметтік айырмашылығына қарамастан, бүкіл қазақстандықтандықтардың тең құқылығы. Бізде қысым жасаудың кез келген түріне, бейбітшілік пен келісімге қол сұғушылықтың кез келгеніне мейілінше жол жоқ және ол заңмен қатаң құдаланады.

Екіншіден, ол біздің экономикамыздың дамуы, халықтың әл – ауқатының жақсаруы үшін ортақ жауапкершілік. Түрлі этностағы қазақстандықтар индустрияландыруға, шағын және орта бизнеті дамытуға, ғылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға, спортқа белсенді атсалысады. Біздің экономикамызда ешкім этносына қарап бөлінбейді. Бәрі көпұлтты ұжымдарда тату – тәтті еңбек етеді.

Үшішідіен, Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі, орыс тілінің ресми мәртебесі және барлық этностар мен олардың мәдениеттерінің тең жағдайында дамуы туралы мәселе шешімін тапқан. Биыл біздегі тілдер туралы алғашқы заңнамаға 25 жыл толады. Бүгінде тұрғындардың көшілігі кем дегенде екі тілде сөйлейтін және ойлайтын ердер көп емес. Қазақстан солардың қатарында, бұл біздің ұлттық байлығымыз. Біз үш тұғырлы тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асырудамыз.

Төртіншіден, мемлекеттің зайырлығы Қазақстанда барлық діндердің ұлы рухани мұраларына құрмет көрсетуден, әркімнің таңдау еркіндігінен арқаулық табады. Конфессиялық толеранттылықтың мұндай ахуалы, сірә, әлемде еш жерде жоқ. Сонымен бірге, біздің еліміз зайырлы және дін мемлекеттен бөлінген. Біз сондай – ақ діни ұранадар ұстаған экстримизмді, діни ілімдерді сырттан саясаттандыруға деген талпыныстарды, біздің халқымызға біз үшін бөгде діни көзқарастар мен идеялдарды күштер тануды барынша теріске шығарамыз.

Ислам діні әу баста жаратушыдан біздің ата – бабаларымызға қалай түссе, бүгігі Қазақстанға дәл солай жетуін тарихтың өзі қамтамасыз етті. Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілер ешқашан болмаған. Қазақ халқының рухани болмысы әрдайым гуманизммен және ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Ата – бабалардан мирас болған осынау ұлы қасиеттен айырылуға бүгінгі буынның ешбір хақы жоқ. Сондықтан, қазақ зиялыларын, рухани жетекшілерін, барлық және әрбір қазақты ұлы ұстаздардың ұлағатын ұмытпауға шақырамын.

Белгілі оқымыстылардың "Қазақстан көп ұлтты, сондықтан онда дүмпу ошақтары орын алады” дегені бар. Бірақ Елбасымыздың көрген саясаты арқасында біздің еліміз барша жұртқа достық пен татулықтың үлгісі болып отыр. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы күннен – күнге жанданып, түрлі этномәдени шаралардың ұйытқысына айналып келеді. Ассамблеяның негізгі жұмысы аймақтағы қоғамдық саяси тұрақтылықты, ұлтаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етуге және этникалық ұлттардың салт – дәстүрі мен мәдениетін сақтауға бағытталған. 2050 Стратегиясы бізді XXI ғасырдың күрделі жағдайында шынайы да қиын жұмысқа бағыттайды. Біз – ашық елміз. Сондықтан біз күмбез астында өмір сүріп жатқан жоқпыз. Бізді бүкіл әлеммен мыңдаған экономикалық, саяси және қарапайым адами қарым – қатынастар байланыстырады. Бейбітшілік пен нығайту – 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың басты мақсаты. Ағымдағы жүзжылдықта әлемнің қандай күрделі болатынын өзіміз жаһандық саясатты көріп отырған оқиғалар нақты бейнелеуде. Бүгінде Украинадан жетіп жатқан мәліметтерді жүрек сыздатпай оқу мүмкін емес. Бұл ел біздің ТМД бойынша жақын әріптестеріміздің бірі. Бізді өзара тиімді қызметтестіктің онжылдығы ғана байланыстырмайды. Бізге тарихтың ортақ парақтары да тән. Дүрбелең жолдарда Қазақстан біздің елімізге күштеп көшірілген, Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуцияланған және осында жүрек қалауымен өнеркәсіп алыптарын тұрғызуға, тыңды көтеруге келеген жүздеген мың украиндер үшін екінші үйге айналды.

Жаһандық саясаттағы қазіргі жағдай – бұл әлем құрылысның көпқырлылық жағына қарай ауысу парадигмаларының драмалық үлгісі. Біздің қоғамымыздағы тұрақтылық пен бірлік – Стратегия жолымен дамуымыздың аса маңызды факторы. Сондықтан талерантылық пен келісімнің Қазақстандық моделін одан әрі ілгерлету бойынша бірқатар жаңа шаралар қабылдау қажет болды.

Елдің ел болуы, ең алдымен, оның бірлігіне, ынтымағына байланысты екені тарихта да, біздің заманымыз үшін де жаңалық емес. Ұлттық бірлік – мемлекеттіліктің басты кепілі, айырықша құндылығы екенін түсініп қана қоймай, соны қалыптастырып, сақтай білген мемлекеттің іргесіде берік. Қазақстандағы қоныстанған көп ұлтты халқымыздың азаматтық, ашық, зайырлы, демократиялық саяси – экономикалық жағынан тәулелсіз қоғам орнатуға бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан халықтарының толеранттылығын, конфессияаралық және ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен достығын одан әрі дамытып, нығайтуды көздеген Қазақстан халықтары Ассамблеясы өз алдына қойған мақсаттарын абыройлы атқаруда. Оны біз бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуы мен елдегі саяси тұрақтылықтан және Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып оны әлемнің дамыған зайырлы мемлекеттерң қатарына қосуға деген күш - жігерінен байқаймыз. Осы тұста тарихында жалпы, мемлекеттік құрылымдық ғұмырында Қазақстан ерекше ел болып қалыптасқаннан айта кеткеніміз абзал. Өзінің тағдыр – талайында, біртұтас бола білудің жауапкершілігін көрсетсе керек. Біздің бақытымыз да сол, Қазақстан аз уақыттың ішінде әлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы көшіне қосылды.

Қазір Қазақстанда елдің ұлттық-мәдени алуандылығын қоғамдық дамудың оң ықпал етуші факторына айналдырудың барлық алғышарттары бар. Бүгінде байтақ елімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар патриотизм ұғымын жаңаша түсіне бастады. Олар бұл ұғымды тек ата тегімен ғана байланыстырып қоймай, Қазақстанның мемлекеттілігі, басқа ұлттың мәдениеті мен дәстүріне деген толерантты көзқарас сияқты қасиеттер арқылы қарастыруда.

Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық қатынас моделі әлемде баламасы жоқ. Қазір қай елді қарасаңыз да, ұлтаралық қатынастар шиеленісіп отыр. Жаһандық деңгейде осындай үрдістер дамуда. Біздің елдегі қалыптасқан достастық үлгісі қазіргі таңда өзінің тиімділігі мен пайдалылығын бар әлемге паш етіп отыр.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Камалбекова, А. Тілі басқа, тілегі бір / А.Камалбекова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2011. - №4. - Б. 17-20..

Құлманова, Злиха. Тыныштық, туыстық, ұғыстық / З.Құлманова // Сыныптағы тәрбие. - 2009. - №3. - Б. 16-18.

Егемен Қазақстан, - 2015. 1 мамыр Жұма - №8(28559). – Б. 2.

http://45minut.kz/?p=2875

http://infust.kz/2012/01/yntymaq-dostyq-kepili-tarbie-sagaty/

http://www.kuttybolsyn.kz/663-1-mamyr-azastan-halytaryny-brlg-knne-tlekter.html


скачать dle 11.0фильмы бесплатно