Жалпы білім беретін және арнайы пәндерге арналған қазіргі жобалаудың үлгілік құрылымы

Аманбекова Нургул Азибековна
преподаватель
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі

І.Сабақтың тақырыбы: Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу технологиясы.

Сабақтың типі: білімді, дағды мен ептілікті жетілдіру сабағы.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Мақсаты:қағаз және қатырма қағаз түрлерімен таныстыру, қағаз және қатырма қағаз түрлерін қолдана бұйымдар дайындау.

Міндеттері:а) білімділік қағаз және қатырма қағаз түрлері, топтастыру, тақырыптары, қолданылуы. Қағаз және қатрыма қағаздың қасиеттері және технико-технологиялық мәліметтер беру. Нұсқау картамен жұмысты ұйымдастыру, қосымша әртүрлі материалдарды қолдана білуге үйрету.

ә) тәрбиелігіқауіпсіздік ережесін сақтау, жұмыс орнын ұйымдастыру, таза ұстау, шеберліктерін арттыру, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық деңгейлік тапсырмалар бойынша аппликациялық жұмыс, көлемді құрастыру, композициялық жұмыстар орындау, қағаз және қатырма қағазбен жұмыс дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сабақ жоспарын құру, көрме ұйымдастыру.

ІІ.Күтілетін нәтиже:

а) оқушылар білуі тиіс: жұмыс орнын ұйымдастыруды, қауіпсіздік ережесін, қағаз және қатырма қағаз аттарын.

ә) оқушылар игеруі тиіс: қағаз және қатырма қағаз түрлерін, нұсқау картамен жұмысты орындауды, қосымша материалдар түрлерін қолдануды.

б) оқушылар меңгеруі тиіс: аппликациялық жұмысты орындауды, көлемді бұйым дайындауды, композициялық жұмысты орындауды, сабақтың жоспарын құруды.

ІІІ.Сабақ барысының әдістері мен тәсілдері:

ауызша түсіндіру, нұсқау, ойындық, тәжірибелік, ТСО, сұрақ – жауап, қағаз және қатырма қағаз бұйымдарынан көрме.

Қолданылатын технология: деңгейлеп – саралап оқыту, ақпараттық.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану.

Сабақтың барысы:

1.Мотивациялық қызығушылығын арттыру:

Қағаз және қатырма қағазбен жұмысқа керекті құралдар мен жабдықтарды алу. Әр тапсырмаға қағаз және қатырма қағаздарды жеке-жеке дайындау. Барлығымыз бүгінгі сабаққа жұмыс орнымызды даярлайық. Сабаққа керекті құралдар мен жабдықтарымызды аламыз.

2.Ұйымдастырылған ізденіс.

Экранмен жұмыс. Қағаз және қатырма қағаз түрлері айтылады. Қосымша материалдар, құралдармен жабдықтар, қауіпсіздік ережесі. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қағаз және қатырма қағазбен жұмыс. Сабақтың мақсатын айту. Экран арқылы түсіндіру. Жұмыс дәптеріне қағаз және қатырма қағаз аттарын жазу. Қағаз және қатырма қағзбен жұмыс техникалық еңбек блогына жатады. Енді осы қағаз және қатырма қағазды топтастырайық (қосымша). Қағаз төрт топқа бөлінеді. Экранмен жұмыс. Сонымен 1. Баспа қағаздары: газет, журнал, кітап, форзац, мұқабалық т.б. 2. Жазуға, сызуға, сурет салуға арналған қағаздар: дәптер, блокнот, сызу, сурет альбомдары, нота дәптері, сұраныс қағаздары, пошта қағаздары, милиметрлік қағаздар, калька қағазы т.б. 3. Сорғыш қағаздар: фильтр қағазы, тұрмыстық қағаз, пергамент қағазы. 4. Боялған қағаздар: түрлі-түсті қағаздар, шагрен қағазы, үстел қағазы, тығыздалған қағаз, металданған қағаз, обой қағазы, глянц қағазы, барқыт қағазы т.б. жатады. Оқушыларды экскурсияға баспаханаға апаруға болады. Оқушыларментоптық, жұптық жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Қағаз – өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Қағазды алудың технологиялық процессі: ағаш материалын дайындау, тамалдау арқылы өндіріске әкелу, ұнтақтау, қағаз алу. Қазіргі кезде қағаз алудың шикізаты болып ағаш және целлюлоза болып табылады. Балаларға қағаздың шығу тарихы және қағаз жасайтын машина жайлы қосымша түсінік берілуі керек. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өндірісі дамыды. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын сала жоқ. Қағазды басқа материалдармен ауыстыруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар. Қағаз физикалық, механикалық, технологиялық және химиялық қасиеттерімен ажыратылады. Физикалық қасиетіне: салмағы, түсі, бедерлігі, жылуөткізгіштігі, ылғалданбауы жатса, механикалық – беріктік, жыртылу; технологиялық – әртүрлі өңдеуге мүмкіндігі. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операциялар: өлшеу, белгілеу, ию, жазу, кесу, біріктіру, өру, пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша әзірлеу, бүктеп – қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарды таба білумен таныстырылады.

Еңбекке баулу оқулықтары бойынша 1- 2- 3- 4 сыныптарға тоқталу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбен істелетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеуге көбірек сағат бөлінеді. Әртүрлі бұйымдар, құралдар, ойынға қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі. Әр сыныптағы тақырыптарға тоқталу, талдау, жұмыс жоспарын құру.
Қатырма қағаз – қағазға қарағанда қалың, әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың қалыңдығы әртүрлі. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабаннан, ескі шүберекктен дайындалған мықты түрлері болады . Қағаздардың мұндай түрлерінен таңғажайып туындылар дайындауға болады. Көрмеге тоқталу. Олардан қиял – ғажайып туындылар құрастыра білу, заттар үлгілерін таңдай да жасай да білу керек. Қағаз және қатырма қағаздың мұндай түрлерімен жұмыс жасау оқушыларды талғампаздылыққа, көрегенділікке, ізденімпаздыққа, ісмерлікке, шеберлікке тәрбиелейді.

3.Практикалық жұмыс.

Қәзір осы қағаз және қатырма қағазбен деңгейлік тапсырмалар орындаймыз. Бірінші деңгей бағалануы үшбұрыш, яғни, қанағаттанарлық. Барлық оқушы міндетті түрде орындайды. Егер оқушы осы деңгейден аса алмаса, журналға қанағаттанарлық бағасы қойылады.

Бірінші деңгей. Аппликациялық жұмыс және бұл кезде түрлі-түсті қағаз түрлерін қолданылады. Тақырыбы: Түрлі-түсті қағаздан аппликация, балықтың бейнесін дайындау. Экранда түстер таблосы берілген, осы түстерді ашу арқылы қандай бейне жасырынғанын айту. Жауабы: балық. Бірінші деңгей тапсырмасы нұсқау карта бойынша орындалады. Экранда бұйымның үлгісі көрсетіліп, түсіндіріледі, талданады. Жұмыс жоспары құрылады. Бұйымды дайындау реті: 1. Керекті қағаз түрлерін іріктеу; 2. Дайын суретті қатырма қағазға көшіру, мұнда шаблонды бастыру(интерактивті тақтада шаблонды бастырып алу үлгісі көрсетіледі); 3. Балық денесін түрлі-түсті қағаздан дайындау; 4. Балықтың көзін, желбезегін, т.б. бөлшектерін қосымша материалдан дайындау; 5. Қатырма қағаз бетінде бұйым бөлшектерін құрастырып алу; 6. Бөлшектерін желімдеу; 7. Бұйымды кептіру, жұмысты аяқтау.

1 деңгейдегі жұмысқа қосымша

1. Бұйымның атауы

2.Жұмысты қорғау(араларынан өздері таңдайды)

3.Мәлімет беру(ақпарат )

Оқушылар тапсырманы өз бетімен орындайды. Бағаланады. Жұмыстарын көрмеге қояды.

Екінші деңгей. Көлемді құрастыру. Құмыра.

а) Экранда мозайканы құрастыру (бұйым бөлшектерін табу арқылы); ә) Құмыраны технологиялық картамен дайындайды; б) Өлшем бірліктері интерактивті тақтада түсіндіріледі. Дұрыс орындай алған оқушы шаршы, яғни, жақсы осы деңгейдің тапсырмасынан аса алмаса, журналға төрт бағасы қойылады. Пайдаланылатын материалдар: қатырма қағаз, түрлі-түсті қағаз, жұмыртқа қабығы, гүлдер, жапырақтар. Экранда бұйымның үлгісі көрсетіліп, түсіндіріледі, талданады. Жұмыс жоспары құрылады. Жұмысты технологиялық картамен дайындаудағы жұмыстың реті, технологиялық операцияларды оқу: өлшеу, белгілеу, қию, құрастыру, әшекейлеу.

2 деңгейдегі жұмысқа қосымша

Бұйымды сипатта: (араларынан өздері таңдайды)

  1. Атауы
  2. Қолданылуы
  3. Негізгі материалы: (жасалуы)

Үшінші деңгей.Бұл эвристикалық деңгей болғандықтан, оқушы жаңа тақырып бойынша негізгіні қорытып, өз пікірін айта алатындай тапсырма. Дұрыс жауап бере алған оқушы 1-2 деңгейден жинаған бағаларына баға қосып, журналға өте жақсы деген баға қойылады.

Үшінші деңгейдегі жұмысқа нұсқау (ұжымдық жұмыс)

  1. Шығармаға ат қой.
  2. Жұмысты талда.

Барлық топқа мақал- мәтел жасырылады. Мақал- мәтел жауаптарын шешкен топтар тапсырмаларды кезекпен- кезек алады.

  1. ... ... ... , шешеннің тілі ортақ.

... – таусылмас азық, жұтамас байлық.

... өрісі ұзақ.

  1. ... тасы өрге домалайды.

Ұстамен жақын болсаң, ... ... .

  1. ... білсең, өлмейсің.

... – бұлақ, ... – шырақ.

Талаптыға ... жауар.

Барлық топқа қағаздар түрлерінен тақырыптық композициялық жұмыс.

Оқушылар қолда бар қағаз түрлерін қолданады. Мұнда тапсырмаларды бөліп алады. Үшінші деңгей тапсырмасын сабақ жоспарын құрумен аяқтайды. Әр сынып бойынша әзірленген сабақ жоспарларымен таныстырады. Экранда жалпы сабақ құрылымы түсіндірледі. Сонымен қағаз және қатырма қағазбен жұмыста:

1.Жұмыс орнын дайындау; 2.Құралдар мен жабдықтар; 3.Бұйым бойынша қағаз және қатырма қағазды іріктеу; 4.Қауіпсіздік ережесі; 5.Жұмысты ұйымдастыру; 6.Бұйымды талдау; 7. Жұмыс жоспарын құру; 8. Бұйымды дайындау; 9.Көрме (ынталандыру жұмысы). 10. Жұмыс орнын жинау.

4. Рефлексия. Ағашта қағаз түрлерінен бірнеше жапырақтар ілінген, бұл жапырақтың артында әріп жазылған (ойын, сұрақ- жауап).

1. сұрақ, баспа қағаздарын ата (газет, кітап, мұқабалық, форзац, журнал, құжаттық)

2. сұрақ, сорғыш қағаздарды ата (фильтр, тұрмыстық, пергамент, папирус)

3. сұрақ, қағаз қалыңдығы (0,05 мм )

4. сұрақ, қағазбен жұмыста қосымша материалдарды ата(жіп, мата, табиғи материалдар т.б.)

5.сұрақ, қағаздың қасиеттерін ата

6.сұрақ, қағаз дайындаудағы негізгі шикізат( целлюлоза)

7.сұрақ, боялған қағаздарды ата (түрлі-түсті, шагрен, орауыш, обой, глянц, тығыздалған, металданған, барқыт т.б.)

8.сұрақ, тақырыпқа байланысты оқушылармен жүргізілетін жұмыстың «С» әріпінен басталатын түрлерін ата (саяхат, серуен, сабақ)

9.сұрақ, «Қ» әріпінен басталатын жұмыста қолданылатын құрал- жабдықтарды ата (қайшы, қатырма қағаз, қарындаш, қырғыш)

Оқушылар сөздері: сабаққа байланысты өз ойларын айтады. 1.Мен бақыттымын....

2.Қандай жақсы.... 3.Бүгінгі күн.... 4. Рахмет....

Үйге тапсырма: осы тақырыпта ақпарат, реферат жазу.

5.Жұмыс орнын жинау.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно