Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту үшін Триз технологиясын пайдалану

Жаксылыкова Бахиткуль Айжановна
Преподаватель казахского языка и литературы
Рудненский горно-технологический колледж

Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту үшін Триз технологиясын пайдалану

 

Кәсіптік білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат - бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру екені бәрімізге аян. Бүгінгі таңда қай салада болсын, маманның кәсіби дайындығы мен бәсекелестікке бейімдігін, атап айтқанда, кәсіпқойлық пен құзіреттілігіне ерекше мән беріледі. Сондықтан кәсіби мамандар даярлау ісінде педагог –ұстаздарға жүктелетін міндеттер жеңіл емес. Педагогика ғылымы адамзатпен бірге дамып келе жатқан ежелгі ілім болса, ұстаз - оқытушы арнайы дайындығы бар, оқу-тәрбие ісімен кәсіби шұғылданатын тұлға. Осы жерде «кәсіби »деген сөзге баса назар аудару қажет. Себебі ұрпақ тәрбиесімен әркім-ақ: ата-ана, тәрбиеші, тәлімгер, тәжірибелі мамандар айналысады. Дегенмен, педагогика заңдылықтарынан туындайтын жоғары талаптарға сәйкес нені, қашан, қалай істеу керектігін, белгіленген стандарт талаптарына сәйкес жүктелген кәсіби парызын белгіленген мерзімде сапалы орындап шығу жолдарын тек қана кәсіпкой педагог біледі. «Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болады» деген қағида сонау Сократ заманынан қалыптасқан. Сондықтан педагогикалық қызмет аса жауапты да күрделі саланың бірі болып табылады. Оның басты міндеті қашанда оқыту, тәрбиелеу, дамыту үрдістерін тиімді басқарып, бағыт – бағдар беру болып қалады. Болашақ мамандарды оқыту-тәрбиелеу мен білім берудің сапасын арттыруда оқытушының кәсіби шеберлігінің алар орны ерекше. Әсіресе, біздердің, қазақ тілі пән оқытушылары алдында үлкен міндет тұр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады.Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс.Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген еді. Елбасының сөздерін жүзеге асыру біздің қолымызда.

Соңғы жылдары білім жүйесінде көптеген тәжірибиелі әдіс-тәсілдер жиналды, соның ішінен әрбір оқытушы өзіне сай келетінін таңдап, оны одан әрі дамытып, студенттердің жеке тұлғалық сапасына, қабілеттілігіне бағдарлауға талпынуы қажет. Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдердің тиімділігін, оқыту барысында көрінетін өзгерістерден байқауға болады. Оны студенттің біліктілігі мен істерлік, дағдыларын өтілген тақырыпты меңгеруіне байланысты білуге болады.

Сондықтан педагогикалық шеберлікті жетілдіре отырып, мен үнемі шығармашылық ізденіс үстіндемін. Өздігімен білімін жетілдіріп, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеймін. Сол себепті де мен сабақта ТРИЗ технологиясының элементтерін қолданамын.

ТРИЗ (Теория Решения Изобретательских Задач) - Өнертапқыштық есепті шешу теориясы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы. ТРИЗ технологиясының басты бөліктері: проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі, ақпараттық қор, шығармашылық ойлауды дамыту. ТРИЗ негізін 40 жылдардың соңында, 50 жылдардың аяғында ойлап тапқан және қалған өмірі бойы дамытқан инженер және өнертапқыш Генрих Саулович Альтшуллер. Сол кезден бері Алтьшуллер және оның шәкірттері арқасында ТРИЗ тез дами бастады. Қазір бұл технология барлық әлемде танымал. Бұл технологияда мынадай мәселелер қарастырылады:

1.Сараптау

2. Диагностика және ұқсастыру

3. Зерттеу

4. Мәселені шешу

5. Жобалау

6.Болжау жасау

Осы технологияны мен өз сабақтарымда былай қолданамын.

Шығармашылық қиялын дамыту: Бір – бірімен байланыссыз сөйлемдерді байланыстыруы керек. Сабақта мәтінді де бірнеше бөлікке бөліп, бірінші сөйлем мен соңғы сөйлемді алып, ортасын байланыстыратындай сөйлемдерді өздері құрау керек.

Бүгін күн ерекше ыстық болып тұр...

Асқар жұмыстан кеш келді.Студенттер осы екі сөйлемді бір бірімен мағынасы жағынан байланыстыру керек. Мысалы: Бүгін күн ерекше ыстық болып тұр. Желдеткіштер де қапырық ыстықтан құтқармайды. Асқар жасаған ескерткішін бүгін аяқтауға тырысып, аптапқа қарамастан жұмыс істеді. Сондықтан Асқар жұмыстан кеш келді. Бұл тәсілді кез келген сабақта қолдануға болады, мен сабақты бекіту не қорытындылау кезінде пайдаланамын.

Ақпараттық қор қарастырады:

- өнертапқыштық есепті шешу стандарттар жүйесі; 
- технологиялық эффекттер және оны қолдану кестесі; 

Мен өтілген тарау бойынша ақын- жазушылардың аты жөнін немесе туған жылын беремін, сол бойынша студенттер ақпарат жинап, өз түсінгендерін жеткізе айту керек. Мысалы: үш бәйтерек, қазақ зиялылары, репрессияға ұшырағандар.

Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі: Студенттерге қатемен жазылған мәтін беріледі. Олар мәтінді өз бетімен тексеріп, қателерін табады. Мұндай жұмысты студенттер үлкен ынтамен істейді. Осы жұмыс балаларға бөтен қателерді табуға үйретеді. Орфографиялық көргіштіктерін дамытады.

Тағы да төмендегідей тапсырмалар беруге болады. Сөйлемдерді біртұтас жазып, оларды дұрыс бөлу керек: Дәптерменжұмысжүргіземіз.

Не болмаса, мағынасы бойынша дұрыс құрастырылмаған сөйлемдерді ұсынамын: Әке баласынан кіші. Мысық тышқаннан қорқады.

Осы сөйлемдерді студенттер дұрыс түсіндіру қажет. Әке баласынан кіші бола алмайды. Мысық тышқаннан қорықпайды, ол тышқанды жейді.

Соңғы жылдары білім жүйесінде көптеген тәжірибиелі әдіс-тәсілдер жиналды, соның ішінен әрбір оқытушы өзіне сай келетінін таңдап, оны одан әрі дамытып, студенттер дің жеке тұлғалық сапасына, қабілеттілігіне бағдарлауға талпынуы қажет. Ең бастысы – өз пәніне, жұмысқа, студенттерге деген сүйіспеншілік, талап, үздіксіз еңбек.

Сонымен қатар, кәсіптік оқытуды ұйымдастыруда оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, пән олимпиадалары ерекше орын алады, себебі олар зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауды жете түсіне отырып, әрі алға қойылған мақсатты шешу үшін оқытушымен тығыз қарым-қатынаста болады. Инновациялық технологияларды пайдалану маған сабақтарда зерттеу ісін, ынта-ықыласты қалыптастыру, бірнеше тәжірибиелі нәтиже береді:

·Үлгірмеушілердің болмауы;

·Білім сапасының өсуі;

·Студенттер дың ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға белсенді қатысуы;

·Пәнге деген қызығушылықтың артуы;

Қазіргі заманауи білім үшін зерттеу мен жобалау жұмысы жоғары бағаланатын құндылықтардың бірі. Зерттеу жұмысының мүмкіндіктерін бағалай отырып, жобалау әдісі де, зерттеу әдісі де студенттермен жұмыс істегенде пайдалы екенін түсіне білу керек. Демек, мұндай жұмыстарды кәсіби білім беретін оқу орындарында да іске асыруға болады. Зерттеушілік іс-әрекет нәтижелі болу үшін, онымен айналысатын субъектте зерттеушілік қабілеті болуы керек. Зерттеушілік қабілетті отандық психология дәстүрі бойынша жеке тұлғаның бойындағы ерекшеліктері бойынша қарастыруға болады. Бұл іс-әрекеттің амал-тәсілдері ретінде, оны орындау үшін төмендегідей амал-тәсілдер керек екенін түсіну қажет.

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша:

·Әр түсініктерге анықтама бере білу;

·Ауызекі сөйлей білуі

·Өз ойын түсінікті етіп жеткізе білуі;

·Грамматикалық тапсырмаларды орындау қабілеті;

·Білгірлік дағдыны дұрыс қолдана білуі;

Зерттеу,негізінде, күнделікті қолданылыста – жаңа білімді алу құралы ретінде қабылданады.

Ғылыми- зерттеу ісінің басты айырмашылықтарына ең кемінде үш басты ерекшелік жатады:

- біріншіден, ғылыми-зерттеуде белгісізді белгілі арқылы білуге деген құштарлық әрқашан орын алады;

- екіншіден, өлшеуге келетін нәрсе міндетті түрде өлшенуі қажет;

- үшіншіден, әрқашан белгілі жүйеде белгісіздің орнын көрсету қажет;

Зерттеу ісінің басты мақсаты – студенттер өздігінен адам мәдениетінің кез келген саласында жаңа әдіс - тәсілдерді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге, қайта құруға бейімдеу.

Студенттердің арасында оқу-зерттеу жұмысы екі бағыт бойынша ұйымдастырлады :

-Сабақ үстіндегі студенттердің оқу-зерттеу іс-әрекеті,

-Студенттердің сабақтан тыс оқу-зерттеу іс-әрекеті, бұл біріншінің қисынды жалғасы болып табылады.

Зерттеу ісінің әртүрлі кезеңінде оқытушының рөлі әртүрлі.

Зерттеу іс-әрекетінің ұйымдастыру кезеңдері:

1 кезең. Диагностика. Зерттеу ісіне қабілетті бар студенттерді айқындап, таңдап алу. Бұл кезеңде оқытушының рөлі өте жоғары, екеуінің арасында тығыз байланыс болуы керек.

2 кезең. Тақырыпты таңдау, мақсат қою. Оқытушының рөлі төмендейді, тек қана кеңесші ретінде қатысуы керек

3 кезең. Жұмыс барысы. Студентке мүмкіндік бойынша дербестік беру қажет. Оқытушы – кеңесші.

4. кезең Қорғау. Бұл кезеңде студент пен оқытушы теңқұқылы серіктес болу керек. Олар өздерінің таңдаған жолдарын, сәтсіздіктерінің себептерін талдайды.

Оқу-зерттеу жұмысын ұйымдастырған кезінде оқытушыға келесі талаптарды сақтау керек:

-Жеке тұлғаны құрметтеп сыйлау, абыройын көтеру,

-Еркіндік, таңдау құқығын беру,

-Жеке тұлғаны емес, оның іс-әрекеті мен қылықтарын бағалау,

-Студенттердің жеке тұлғалық, психикалық ерекшеліктерін ескеру,

Сабақ үстіндегі кез келген зерттеу ісі проблемалық жағдайсыз орындалмайды. Ондай жағдай көбінесе бастапқы мәліметтер бойынша шектеулі ақпарат арқылы бірнеше нұсқа шешімдері бар кезінде туындайды.

Зерттеу ісінде проблемалық жағдай керек пе? Оны қалай тудырады?

Жалпы ереже: ақпараттың арасындағы қайшылықтар, амал-тәсіл арасындағы қайшылықтар айқындалып, себеп – салдардың байланысы анықталады.

Демек, зерттеу, тақырыпты оқып үйрену ғана емес, ал студенттердің келесі біліктіліктерін қалыптастыруға көмектесетін құрал:

-Оқу-танымдық біліктілік;

-Ақпараттық біліктілік;

-әлеуметтік-еңбек біліктілігі;

-коммуникативтік біліктілік;

Зерттеу ісінде проблемалық жағдайды қолдану, алдын ала студенттерді тығырыққа әкелетінімізді түсіну керек. Шешімін табу үшін оған ойлану, іздену, пікірін білдіру қажеттілігі туындайды. Шешімін тауып, қуанғанның нәтижесінде пәнге деген қызығушылық арта түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Альтшуллер Г.С., Злотин Б.Л., Филатов В.И. «Профессия – поиск нового»

2.Альтшуллер Г.С. мен Шапиро Р.Б. мақаласы. «О психологии изобретательского творчества»

3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы


скачать dle 11.0фильмы бесплатно