«Қоғамтану» сабағында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

Ибатова Айгерим Абаевна
Преподаватель социально-гуманитарных дисциплин
Уральский колледж газа, нефти и отраслевых технологий

«Қоғамтану»  сабағында  сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясын қолдану

 

«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым».

(Әл-Фараби)

Сол ғасырдағы ғұлама Әл-Фарабидің айтқан ой-пікірінің мәні - бүгінгі жаһандану заманының айғағы. Қабілет ойлау арқылы жетіліп, адамның ақыл-ойы арқылы толысып, кемелденіп, игілікке жол бастайды. ХХІ ғасырда оқытудың жаңа технологиялары дамып, әр салада заманауи жетістіктер өз дәрежесін көрсетіп келеді.

ХХІ ғасыр елімізге, жерімізге, халқымызға тәуелсіздік туын желбіреткен, арманға қол жеткізген ғасыр болды. Ол бүгінгі отанымыз егеменді Қазақстанның қарыштық қадамынан әлемдегі орнынан танылып келеді. Дүние әлемінде гүлденген, өрлеген өркениетті ел болуға күш жұмсау отанымызда өмір сүрген әр адамның қасиетті борышы. Жаңа ғасыр өмірге сұлу қарайтын, ішкі дүниесі бай, білімді мәдениетті тәрбиеленген, еңбекпен маманданған дара тұлғалардың өсіп-өнуіне қажет те өсуші дамушы ғасыр деп танимын.

Жаңа ХХІ ғасыр – мәдениетті де білімді жастардың заманы. Сондықтан болашақ ұрпақты елінің білікті маманы, мәдениетті азаматы етіп өсіру білім ордаларының басты мақсаты.

Бұл ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Білім жүйесінде жаңа технология әдістерін қолдана білу оқытушының шеберлігін шыңдайды. Қазіргі заманғы әлемде барлық дамыған елдерде оқытудың негізгі мақсаты жеке басты интелектуалды тұлғаны дамыту, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру, өзін-өзі басқару, ақпаратпен жұмыс жасай білу. Мақсаттың бұлайша қойылуы танымдық іс-әрекеттерін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда да дамытуын қажет етеді. Педагогикалық бақылаулар көрсетіп отырғандай, студенттердің танымдық белсенділіктерін арттырудың тәсілдерінің бірі болып, проблемалық оқыту технологиясына негізделген «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын ерекше көрсетуге болады. Сыни тұрғыдан ойлау – оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырады, оладың бірін-бірі құрметтеуін, түсінуін, дұрыс қарым-қатынас жасауын қалыптастырады, дүниеге деген түрліше көзқарастарды түсінуді жеңілдетеді, оқушыларға өз білімдерін түрліше жағдаятта барынша тереңдетуге, тұлғалық іс-әрекеттердің жаңа түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

Қоғамтану сабағындастуденттердің сыни тұрғыдан ойлау негізін қалыптастырудың технологиясының алатын орны ерекше, себебі сыни тұрғыдан ойлау студенттердің білім алуында жаңа фактілерді, мысалдарды бұрынғы оқығандарымен салыстыру арқылы танымдық белсенділіктері мен ойлау қабілеттерін арттыруға зор ықпалын тигізеді.

Біздің мақсатымыз да қоғамтануды оқыту барысында белсенді әдістерді пайдалану арқылы студенттердің сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру. Қоғамтану сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамыту мақсатында мәтінмен жұмыс жасау кезінде сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастыруды қарастырдық. Қоғамтану сабағының құрылымдық кезеңдерінің пәндік ерекшеліктері:

·Қызығушылықты ояту сатысында оқушыларды үйренетін, зерттелетін тақырыпқа тарта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мәселесі қарастырылуы керек.

·Мағынаны тану сатысында оқушылар оқытушы басшылығымен меңгерілуі тиіс болған материалдарды жан-жақты талдауы қажет.

·Ой-толғаныс сатысы (рефлексия). Бұл саты өте маңызды саты болып саналады.

Меңгерілген тақырып бойынша әрбір оқушы өзіндік қорытынды жасай алуы тиіс. Ойлану, пікірлесу арқылы тақырып төңірегінде алынған білімдерін пысықтайды, әрі өзіндік ұғым ретінде білім қоры кеңейеді.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесінде бұрынғы білетінмен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрын алған білімін жаңа мәліметпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан жаңа сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайында студент не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.

Осы кезеңде "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Жұпта талқылау”, "Болжау”, "Әлемді шарлау” т.б. әдістер қолдануға болады. Қызығушылықты ояту кезеңінің тағы бір мақсаты үйренушінің белсенділігін арттырып, белсенділікті талап ету. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны бұрын алған біліммен ұштастырады.

Мысалы: Қоғамтану пәнінен «Дүниетанымның ұғымы және тарихи типтері» деген тақырыпты өткенде студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында Ежелгі грек мәдениетінің қалыптасуының ерекшеліктерін айта отырып, «дүние», «болмыс» туралы оқушыларға ой тасталады да барлық өркениеттің бастауы неліктен ол жерлерден басталды және оған қандай факторлар әсер етті деген сұрақтар жұпта талқыланып, үйренуші жаңа тақырыптың мәнін өзі ашуға тырысады. Студенттер тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік танытуына жағдай жасалады. Оқушы білімін жетілдірудің маңызды әдісі болып табылады.

«V» – білемін

«–» - мен үшін түсініксіз

«+» - мен үшін жаңа ақпарат

«?» – мені таң қалдырады - деген белгілерді қойып оқып отыру тапсырылады. Бұл әдіс оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Венн диаграммасы”, "Еркін жазу”, "Семантикалық карта”, "Т кестесі” т.с.с. стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Бұрынғы қолданылатын оқу әдістерінде оқытушы басты орын алып, оқушы тек тыңдаушы ғана болса, сыни тұрғысынан шыңдалған ойлау нәтижесінде оқушы білім негіздерімен толығып, болашақта ойлауға ынталанады. Сондықтан сыни тұрғысынан ойлау - өте күрделі құбылыс.

 

Пайданылған әдебиетер:

1. С.Мирсейітова «Оқыту ізденіс ретінде-ізденіс оқыту ретінде».- Қарағанды, 2011. – 201 б

2. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. – Алматы, 2009. – 328 б.

3. Ниязбекова К.С. Жоғары оқу орындарының орыс бөлімінде кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2010. – 152 б.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно