Кәсіптік білім саласында инновациялық оқыту технологиясының маңызы

Ибраева Жанат Абдукаримовна
арнайы пән оқытушысы
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі
Кәсіптік білім саласындағы инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, технологиялық енгізуге, пайдалануға, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге бағытталған. Сондай-ақ бүгінгі күн талабы да жалпы білім жүйесіне, білім беру мазмұны мен оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктелуде. Олай болса оқушылардың білімділігі, шығармашылыққа талпынысы әртүрлі жағдайдағы проблеманы анықтау, оның жауапты шешімін табу және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі еліміздің дамуына, қоғамымыздың тұрақтылығына және оның қауіпсіздігіне негіз бола алады. Қазіргі кезде қоғамның білім деңгейі мен интелектуальдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие екендігі баршаңызға аян. Сондықтанда тәрбиелеп отырған оқушыларымыз мамандық бойынша тек диплом иеленушісі ғана емес, нағыз маман болуы өте маңызды. «Халық пен халықты теңестіретін -білім», -деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу -біздің мақтанышымыз, сондықтанда жаңалық жаршысы болуымыз керек. ХХІ ғасырдың ең басты міндеті -әлемдік қауымдастыққа еніп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін, экономикасын, білімін арттыру. Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты -ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, жан -жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің ендігі міндет –қазақстандықтардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту. Сондықтан қазіргі заманға білім берудің перспективалық міндеті -ол, сындарлы ойлау білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау», -деп атап өтуі мақсатқа жетудің жолдарын шешуге берген бағытындай. «Инновация» сөзі латын тілінен аударғанда «жаңалықты енгізу» деген мағынаны білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз –жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. «Технология» деген сөз грек тілінен аударғанда «техне» -өнер, кәсіп, ғылым; «логос» -ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту -таным әрекеттерін ұйымдастырудың ұтымды пішіні. Мақсаты -оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушының оқуға деген ынтасын оятады. Инновациялық технологияны сабақта пайдалану -өмір талабы. Оқытудың жаңа ұтымды технологияларын пайдалану оқушыны тұлға болып қалыптастырудың, дамытудың құралы. Оқушының білім санасып арттыруға, өздігінен ізденуге, ой сананың дамуына мүмкіндік береді. Білім беруді ізгілендірудің технологиялық мақсаты -баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу білімін кеңейту, тереңдету. Білім берудің мақсаты, оны ұйымдастырудың құрылымы технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістерінің қоғам сұранысынан туындауы. Осыған дейін білім беру үрдісі: мақсат - мазмұн -форма -әдіс -оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену -меңгеру -өмірге ендіру -дамыту болып өзгерген. Инновациялық оқыту үш бөлімнен тұрады: 1-бөлім. Кәсіби шеберлік 2-бөлім. Біліктілік дағдылары 3-бөлім. Жүзеге асыру Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы -оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу, оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Өз тәжірибемде инновациялық технологиялардан В.Ф.Шаталовтың «Оқу материалдарын тірек және сызба үлгілері арқылы табысты оқыту», Е.И.Пассовтың «Ойын арқылы оқыту» технологияларын жиі қолданамын. Ойын арқылы оқыту технологиялары мына негізгі бағыттар бойынша іске асырылды: - Дидактикалық мақсат ойын міндеттерінің формасына қойылады; - Оқу материалы оның құрамы ретінде пайдаланылады; - Оқу- танымдық іс -әрекет ойын ережелеріне бағынады; - Оқу материалы оның құрамы ретінде пайдаланылады; - Оқу іс-әрекетінде дидактикалық міндет ойынға айналдыратын жарыс элементін енгізу; - Дидактикалық тапсырмаларды табысты орындату нәтижесі. Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім: ойын, сайыс, жарыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырмалар түрінде беріледі.. Ұстаздық тәжірибемде оқытудың пәрменді әдіс-тәсілдерін қолданудан сабақтың тиімділігі арта түсетініне көз жеткіздім. Кәсіптік білім салаларында маман даярлауда сапалы біліммен қатар, оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттыру, жұмысқа орналастыру, білімді тәжірбиемен ұштастыру өзекті мәселелердің бірі. Мамандарды даярлауда сапалы білім беру ісімен ғылымды ұштастыру маңызды іс болып табылады. Инновациялық білім беру -іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет -оқу жұмысын дамытуға, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Осыған байланысты кәсіптік білім саласында өзекті мәселелердің бірі жаңа инновациялық технологияларды дамыту болып табылады. Қорыта келгенде, білім беру бағытындағы инновациялық технологияның маңызы, біріншіден білім беру, оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру, екіншіден, пәндердің материалдық базасының байлығы мен үйлесілімділігі, үшіншіден, оқушылардың өзіндік жұмыстарының орындалу барысын қадағалау және бағалауға үлкен септігін тигізеді. Қолданылған әдебиеттер: 1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006 2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А.,Білім, 2004 3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008 4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007 5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008 6. Якиева А. Білім жүйесіне инновациялық үрдістерді енгізу.- Кәсіптік мектеп, №6, 2012скачать dle 11.0фильмы бесплатно