XI ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры

Қайырлиева Кенжегул Тлегеновна
физика-информатика пәнінің оқытушысы
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі

XI ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры

 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық, инновациялық технологияларды қажет етіп отырған кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап отыруының орны ерекше. Ол өзінің халыққа дәстүрлі Жолдауында білім, ғылым саласын дамытуда көп міндеттер қойып, сенім артып отыр.

Заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі қоғам үшін информатиканың, кибернетиканың, экологияның, микроэлектрониканың жəне т.б. жаңа ғылымдардың рөлі мен мəні туралы түсініктерді дамыту – қазіргі кезең – ғылыми-техникалық төңкерістер кезеңіне тəн ерекшеліктердің бірі.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдары басталған бұл даму осы ғылымдардың қалыптасуына жəне адамзат əрекетінің көптеген салаларына, яғни өндірістік кəсіпорынға, ғылыми зерттеулерге, білім беруге, əлеуметтік мəселелерге жəне т.б. əсер етті. Бұл жүйелерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзі-өзі дамыту, жүйелілік жəне басқару сияқты факторларды ескеру қажеттігіне алып келді.

Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі. Оқытудың нәтижесі-терең білімді, өз ойын дәлелдей алатын, білімін қоғамдық пайдалы мәселелерді шешуде жүзеге асыра алатын, жауапкершілігі мол , елжанды тұлғаны дамыту. Осы міндеттердің жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу керек.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологияны физика пәнінде қолданамын.

XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.

Ақпараттық технологиялар практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларына байланысты пәндерді оқытуға қатысты. Оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияны пайдалану бойынша біліктілік арттырудан өткен педагогтардың үлесі 2015 жылы олардың жалпы санының 90% -ын құрайды деп 2020 жылға дейін арналған стратегиялық бағдарламада көзделген. Олай болса, физика пәнінің мұғалімі де компьютерді жетік меңгеруі қажет.

Физика ғылымы өте қызықты да күрделі. Пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға табиғаттың күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласына толық енгізілді. Сондықтанда ұстаздардың алдында тұрған ең негізгі ортақ міндет - өмірге икемделгіш, заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу. Соның бір жолы – компьютер тілін үйрету болып табылады. Компьютер білу – екінші сауаттылық.

Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп үлгерген педагогикалық құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электронды оқулықты, интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Интерактивті тақтаны дидактикалық мақсатта пайдалану барысында, бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Интерактивті тақтаны қызықты және мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.

Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, мұғалім тақта арқылы есеп шығаруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп, түсіндіреді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен, интерактивті тақта оқушылардың ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.. Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептеймін.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:

1. мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.

2. мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.

3. мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.

4. мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі.

5. мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі.

6. балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру.

7. сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану.

8. әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Білім беру саласында атқарылып жатқан игі істермен қатар түбегейлі

шешімін күтіп жатқан проблемалар да көп. Оның бірсыпырасы алда шешімін табар деп үміттенеміз. Дана бабамыз Ж.Баласағұн: «Елдің өзегі білік, кілті – тіл, қадір қасиеті – кісілік» деген екен. Ойлап отырсақ, осы тұжырымдар тұтастай дерлік жастардың санасына, өн бойына сапалы біліммен, өрешіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел тәуелсіз туын берік ұстауға мұқалмайтындай жастарды тәрбиелейтін біздерге, педагогтарға арнап айтқандай сезіледі.

Әр мұғалім өзінің тәжірибесінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, мынадай мақсаттар қоюына болады:

- жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;

- қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін, ақпараттық қоғамда тәрбиелеу технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңаланған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

Алдағы уақытта ақпараттық технологияларға және қашықтан оқытуға бағытталған тәсілмен білім алуды дамыту қажеттігі туып отыр.

Қашықтан оқыту тәсілі мына төмендегідей міндеттерді жүктейді:

- оқушының компьютерлік сауаттылығы жоғары болуын қамтамасыз етуі;

- алдағы тұрған мақсаттар мен міндеттер, оның алдағы уақытта ақпараттық технология мен коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы түсіндіру;

- қашықтан оқу технологиясымен жете танысу;

- оқушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы, ақыл-кеңес беруде, сұхбат өткізуге;

- оқытудың телекоммуныкациялық құралдорын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда, тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыруы және ақпараттық жүйедегі ресурстарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

- жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модулдік курстардың әдістемелерін баяндауы;

- мұғалім қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісіндегі үйлестіруші деп қабылдау.

Жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану, оқушының шығармашылық интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірге пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.

Электронды оқулықтар оқушының білім қорымен қаруландырып қана қоймай, танымдық белсенділігін арттыруда алатын орны ерекше. Физика пәні бойынша барлық электрондық оқулықтар бар. Бұл оқулықтар Білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сай жасалынған .

Физика сабағында қызғылықты деректерді тек оқулық мәтіндегі берілген, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілген бейне арқылы пайдаланған тиімдірек.

Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы біліктіліктерін арттыратын болса көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады.

Физика сабағын информатикамен тығыз байланыстырып, компьютерде ақпараттық технологияларды және электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың білімін одан әрі жетілдіреді..

Физикадан электрондық оқулықтарды және интернет желісін пайдаланып сабақтар өткіздім. Электрондық оқулықтағы тақырып бойынша берілген тапсырма, тесттер орындалды, физикалық құбылыстар мен тәжірибелерді видеоларды жиі сабақтарда пайдаланып көрсетемін, пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Қорыта келгенде, қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді, яғни оқыту мен тәрбиелеүдің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу курстары) өтіп, екінші саты-ақпараттық технология деңгейіне көтерілу. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – білім субъектілерін дамытуда үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

Қорыта айтқанда оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданып оқыту арқылы дүниенің тұтастығын түсінеміз, жалпы интеллектің артуына ықпал жасаймыз. Ал біздіңше жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кəсіби дайындау үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде қолдану жаңа оқу пəндерінің пайда болуына алып келеді жəне осыған байланысты оқытудың жаңа формалары мен тəсілдерін қарастырудың өзектілігі артады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Болашақ мамандарды даярлау» Ұлт тағылымы -№4. 2005, 32б.

2. «Ақпараттық технологияларды сабақта қолдану» М. Ғалымжанова Информатика негіздері. №3, 2006 ж.

3. «Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері» Қ. Шәдиев, Қазақстан мектебі ,№5, 2006-7 б.

4. «Математика және физика» журналы. №4, 2006 ж.

5. О. Тілеукенов. «Ұлт мектептерінің білім сапасын арттырудағы проблемаларды шешу жолдары» Мектеп директоры, №1, 2003.

6. Р.Жашиев. «Қазақ мектебі ХХІ ғасырға өз бет-бейнесімен кіруі тиіс» Ұлт тағлымы, №4-5, 2001.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно
  • 20 750
  • 0