Педагогикалық технология негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін дамыту

Касымова Лазиза Ермаканбетовна
Преподаватель педагогики и психологии
Жамбылский гуманитарный колледж имени Абая

Педагогикалық технология негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін дамыту

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңында «Білім беружүйесінің басты міндет– ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылымменпрактика жетістіктері негізіндежеке адамды қалыптастыруғажәне білім алуқажетті жағдайлар жасау;.....оқытудыңжаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беружүйесін одан әрідамыту міндеттері көзделді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние. ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтар ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын аныұтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде айрықша маңызды роль атқарады.

«Қазақстан – 2030» стратегиясында «Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе былайша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан – жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» делінгендей, мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.

Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқуышылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай тыңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты жан – жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілікғ рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесін де енгізілуіде

Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан – жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасалады.

Кәсіби педагогикалық негізгі міндет – білім алушыларды шығармашылық міндеттерді шешуге үйрету. Инновациялық іс – әрекетте мұғалімдерді дайындау концепцияларының негізгі – мұғалім тұлғасын қалыптастыру прогресін қамтамасыз ететін жүйелі прогресті және жеке шығармашылық қарым – қатынас.

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытында, соның ішінде мұғалімнің инновациялық даярлығының кәсіби деңгейлерін анықтау үшін зерттеу жұмысында педагогикалық зерттеулердің комплексті әдістері (сауалнама, бақылау, өзін – өзі бақылау, әңгіме, тест жүргізу) пайдаланылады. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мұғалімдердің өзін – өзі бақылауы жоғары деңгейде,сондықтан өз іс тәжірибелерінде әдістемелік рефлексияға көп көңіл бөлінбейді. С ол себепті мұғалімдерді әдістемелік деңгейі орта шамадан аспай отыр.

Мұғалімнің инновациялық даярлығынан орта деңгейіне мұғалімдердің білім берудің инновациялық парадигмасын мойындайтындар, педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелеріне қызығушылық танытатындар, өзінің кәсіби білім дәрежесін ұдайы көтеріп, әдістемелік көмекті қажет ететін мұғалімдер, педагогикалық рефлексияны қабылдайтындар жатқызылды. Инновациялық даярлығы орта мұғалімдерге тәжірибелік мұғалімдер жатқызылды.

Инновациялық даярлық деңгейі жоғары мұғалімдер педагогикалық инноватиканы әдіснамалық және әдістемелік білімдер жүйесімен қаруланған, өзінің шығармашылығы арқысында ғылыми – ізденіс жұмыстарын жүргізіп, оларға диагностикалық сараптама жасай алатындар, тек қана қоймай, өзінің төл инновациялық педагогикалық технологияларын ұсына алатындар. Бұл деңгейдегі мұғалімдерде әдіснамалық рефлексия басымырақ болады.

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бойынша жүргізілген ғылыми - зерттеу жұмысымызда педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексия теориясы мен әдістерін басшылыққа алдық. Себебі, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда мұғалімнің өз жұмысына өзіндік кәсіби талдауы үлкен рольді атқарады:

-мұғалімнің оқушылармен білім сапасын мониторингін жасауы, өз іс – тәжірибесіндегі дидактикалық қиындықтарды, педагогикалық кемшіліктерді көре алуына, оны алдағы уақытта болдырмаудың алдын алу шараларын белгілеуіне көмектеседі;

-мұғалім өз жұмысына сын көзбен қарауды үйренеді, өз жұмысын, педагогикалық іс – әрекетін өзі талдауды үйреніп, өзіне өзі баға береді;

-мұғалім өз білімін өзі жетілдіруге ұмтылады, яғни мұғалімнің инновациялық даярлық деңгейі артады;

-жоғары инновациялық деңгейі қалыптасқан инноватор – мұғалім өзінің төл инновациялық педагогика технологиясын ұсынуы мүмкін.

Педагогикалық технология қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді.Инновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің баыбына барып үлгі көрсетер, өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету. Сонымен қатар шығармашылдық ойлау мен бастамашыл іс – әрекеттегі саналылықты өрістетуге зерттеушілік тұрғыдан белсенділігін жетілдіріп, іс - әрекетке бейімділігін, қызығуын қалыптастыратын жол. Инновациялық оқытуда мұғалім көшбасшылық міндет атқарғанымен, жүзеге асырылатын істің бәрін өз қолына алмайды, менің айқанымдай болсын деп қарамайды, әміршілік жолды ұсынбай режиссерлік міндет атқаруға бейімделеді.Инновациялық оқыту дәстүрлі дидактикамен қатарласа жүргенімен, оның өзіндік айырмашылықтарымен өзгешеліктеріне мән беруге тура келеді. Мәселен, оқытудағы ұстаным мектептегі оқыту бағдарламасында көрсетілген нұсқауды орындап, ондағы мағлұматтарды беру, оны қайталап пысықтап меңгерту болса, инновациялық оқытудағы мақсат, іс – әрекет барысында оқушының қабілетін оятып, түрлі жағдай жасау арқылы олардың өзінше әрекеттенуіне бағдар беру, шығармашылыққа талрындыру.Нақты айтқанда, оұушыға үнемі жол сілтемей, өзінше әрекеттенуіне алуына бейімдеу. Мұның нәтижелік көрсеткіші сол: оқушының білімді мағлұматты жай ғана, бір сәттік тұрғыда қабылдап қана қоймай саналы да тиянақты игеруіне ықпал ету.Педагогикалық технология білім алу іс – әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс – әрекеті деген анықтама береді. Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру процестерімен әдістердің жиынтығы және бірізділігін кешенді бірлігін айтуға болады.Сонымен қатар бұл аталған құндылықтарды жетік білу, мән – мағынасын терең ұғыну – шығармашылық дағдысын қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың барлығы Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей – жай қалдыра алмайды. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған ұнатқан және қоғамға пайдалы ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын елбасымыз қадап айтты. Өркениетке бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та, берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісі арнайлы және орта мектептерден бастау алмақ. Сондықтан да оның ірге тасын, ондағы мұғалімдердің білім деңгейінің жоғары болуын қадағалаужәне арттыру кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың негізгі міндеттерінің бірі болып қала бермек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Д.С.Исманбетова. Жалпы орта білім беретін мектептің оқу- тәрбие үрдісінде кредиттік технологияны ендіру. Магистрлік диссертация. Тараз. 2006. 109б.

2.Қ.Ж.Бұзаубақова, С.Д.Иманбетова. «Жалпы орта мектептерде кредиттік оқыту жүйесін ендірудің ен тиімділігі» // «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы – 2006 ж.І том. – 630 бет.

3.Қ.Р-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Астана 2001

4.Бұзаубақова К.Ж Мұгалімнің иноватциялық іс-әрекетке даяарлығын қалыптастыру теориясы мен практикасы –Алматы. Жазушы, 2009-468

скачать dle 11.0фильмы бесплатно