Математика,информатика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушыларды жобалау қызметіне үйрету, болашақ өмірге әзірлеу

Колданбаева Карлгаш Самоковна
Преподаватель
Уральский колледж газа, нефти и отраслевых технологий

Математика,информатика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта инновациялық технологияларды  енгізу арқылы оқушыларды жобалау қызметіне үйрету, болашақ өмірге әзірлеу

 

Мен Орал газ,мұнай және салалық технологиялар колледжінде оншақты жылдан бері математика пәнінен сабақ беріп келемін.Осы аралықта оқушылармен жұмыс жасаған уақытымда алған тәжірибелеріммен ой бөліскім келеді.

Проблема: Оқушылардың оқуға қызығушылығының төмендігі мен білім сапасына қойылатын талаптың жоғарылауының арасындағы қарама-қайшылық

Мақсатым: Оқушыларды жобалау қызметіне тарту арқылы олардың бойында болашақ өмірге қажетті құзыреттіліктердің қалыптасуына ықпал ету.

Міндеттері:Оқушыларды өз бетімен сыни тұрғыдан ойлауға ;

·Ғылым заңдылықтарының нақты дәлелдеріне сүйеніп тұжырым жасауға,

·негізделген қорытынды жасауға;

·Өзіндік аргументтермен шешім қабылдауға;

·Әртүрлі әлеуметтік рольдерді орындау арқылы топпен жұмыс жасауға үйрету.

Күтілетін нәтиже:Егер оқушы оқу жобаларымен жұмыстануды үйренсе, болашақ өмірде өз орнын табуға, өзінің қызметін жоспарлауға, әртүрлі жағдайлардан жол тауып шығуға, айналасындағы адамдармен бірігіп жұмыс жасауға, өзгерістерге бейімделуге дайын болады.

Өйткені жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша көрсетілгендей оқушылар есінде сақтайды:

-10% оқығанының;

-26% естігенінің;

-30% көргенінің;

-50% көріп, естігенінің;

-70% басқалармен талқылағанының;

-80% жеке тәжірибесінің;

-90% өзгелердің жасағанын айтқанының;

-95% өз бетімен ізденіп, оқығанының

Жобаны жүзеге асыру барысы: Өз іс-тәжірибемді сараптай келе математика тек есептеуге үйретуден басталу қажет тәрізді көрінгенмен, ол проблемаларды, жұмбақтарды ...шешуден басталатындығына көзім жетті. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін, алдымен ол кішкентай жаңалықтарды көре білу, іздену арқылы қуану, таңдану, құштарлықты, қызығушылықты сезінуі керек. Проблемаларды шешу, қиындықтарды жеңу арқылы ғана оқушы шығармашылық әлеміне кіре алады Жобаны жүзеге асыруда ұсынатын жол: Математика+информатика+АКТ→оқу жобалары.

Математика сабақтарында логикалық ойлау қабілеттері дамиды, информатикада -ақпаратты алу, өңдеу, беруде АКТ-ны қолдануға үйренеді, ал осының нәтижесінде алынған оқу жобалары біздің білім берудегі мақсатымыз болып табылады: балаларды білім алуға үйрету, олардың бойына негізгі құзыреттіліктерді сіңіру, т.с.с

Жобалау әдісінің негізгі түйіні: менің бар оқып, үйреніп, танып-білгенім не үшін қажет және оны мен қай жерде қалай қолдана аламын деген сұраққа жауап іздеу.

Жоба 5 негізгі құрамнан тұрады:

1.Проблеманың болуы.Мысалы: «Логарифмдік және көрсеткіштік функциялардың практикада қолданылуы»/1 курс /, «синустар маған не береді?»

2.Іс-әрекетті жоспарлау: жобаны талдау барысында оқушылар топқа бөлініп, идеялар мен ұсыныстар жинақтайды, әрқайсысының қызметін бөледі. Мысалы: идея тудырушы, презентация жасаушы, дизайн жасаушы, сыншы, энциклопедист, іс-қағаздармен жұмыс жасаушы, т.б.

3.Ақпарат іздеу./интернет ресурстары, ғылыми-әдебиеттер, оқулықтар/

4.Жұмыс нәтижесі-өнім. Оқушылар компьютерде өз жұмыстарын талдап, негіздеу арқылы қорытындылайды. Оқытушы ғылыми жетекші қызметін атқарады. Жұмыс нәтижесі-өтілген тақырыптар бойынша негізгі есептер жинағы, есептерді шешу бойынша жаднама, ертегі, эссе, реферат, жобалар, математикалық модельдер, мультимедиялық өнімдер, презентациялар т.б.

5.Нәтиженің тұсаукесері- дайын өнімді көрсету. Жобаны қорғау кезінде оқушылар өз жобаларының негізгі проблемаларының маңыздылығын, жұмыс нәтижелерін өздерінің сөйлеу шеберліктерін көрсете отырып баяндайды. Оқушылар әр жұмысты алдын ала анықталған критерийлер бойынша бағалайды. Орташа балл шығарылып, «үздік», «жақсы», «орташа» деп бағаланып, нашарлары қайта қарауға жіберіледі. Соңында оқушыларға мынадай бағытта рефлексия жасалады: Жоба дайындау барысында жаңа білім, білік дағды алдыңыздар ма? Жұмыс барысында сені қызықтырған мәселе болды ма? Қандай қиыншылықтар болды, оны қалай шештіңіз? Өздеріңізге қандай ескертулер мен ұсыныстар жасайсыз? Оқушыларды « үздік жоба жасаушы», « үздік дизайнер», « үздік зерттеуші» номинациялары бойынша т.б.марапаттаймын. (Сурет 1)

Математика,информатика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта инновациялық технологияларды  енгізу арқылы оқушыларды жобалау қызметіне үйрету, болашақ өмірге әзірлеу

 

Жобаны нәтижелілігін тексеру /
бастапқы және соңындағы сауалнамалар/Жобалау әдісі бірқалыптылықтылықты өзгертеді. «Жобалау технологиясы не береді?» -деген сұраққа оқушылардың 73% материалды жақсы меңгеруге ықпал етеді, 68% сабақтар қызықты болуына әсер етеді, 53% сабаққа қызығушылықпен барамыз, 26% өз жұмыстарымызды көрсету мүмкіндігін аламыз деп жауап берді.
«Жоба барысында не үйрендіңіздер?»
деген сұраққа оқушылардың 32% уақытымызды дұрыс бөлуге, 17% мақсатқа жете білуге, 16% көпшілік алдында сөйлеуге, 14% ақпарат жинауға, 21% презентация жасауға үйренгендігін айтты.Оқушылармен жүргізілген сауалнама қорытындысы олардың 98% - пәнге, 87% практикалық материалға , 42% сабақтан тыс білімге, 98% мұғаліммен қарым-қатынас жасауға қызығушылықтары артқанын көрсетті. Демек,оқушыларды АКТ көмегімен жобалау қызметіне жұмылдыру олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Бітірген оқушыларымның көбі осындай жобалардың нәтижесі өмірлерінде пайдасы болып жүргенін айтады.Қалалық,обылыстық ғылыми жобалар байқауларына қатысып, өздерін жан-жақты көрсетіп келеді.Соңғы жылдарда қатысқан оқушыларым:

Қалалық ғылыми жобалар байқауында-/Хамидуллин Бақытжан(«9 қабатты қонақ үй»тақырыбымен)/-ІІІ орын/2010 ж/

·Қалалық ғылыми жобалар байқауында -/Өтемисов Амир(«200 орынға арналған қонақ үй»тақырыбымен)- Сертификат ,2010ж./

·Облыстық ғылыми жобалар байқауы-/ Өтемисов Амир(«XXI-ші ғасыр үйі»тақырыбымен)- Сертификат,2011ж/

·Облыстық ғылыми жобалар байқауы-/Қайырлиев Ернұр/-ІІ орын/2012ж./

·Облыстық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен «Бәріміз бірдейміз,кемсітуді білмейміз»ғылыми жобалар байқауы-/Тұрсынбеков Абзал/-ІІI орын/2013ж./ (Сурет 2)

Математика,информатика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта инновациялық технологияларды  енгізу арқылы оқушыларды жобалау қызметіне үйрету, болашақ өмірге әзірлеу

 

Шығармашылық ойлау деңгейін зерттеудің салыстырмалы диаграммалары (Диаграмма 1)

 

Математика,информатика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта инновациялық технологияларды  енгізу арқылы оқушыларды жобалау қызметіне үйрету, болашақ өмірге әзірлеу

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Математика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта жобалау технологиясын қолдану жолдары./ Кариева.Г.Ж.-учитель высшей категорий Круглоозерновской СОШ, г. Уральска, ЗКО/

2. Тезисы проекта «Обогащение развивающей среды в детском доме»

(Автор: Латыпова Гузель Мухамедовна, инструктор по труду)

3. ПРОФЕССИОНАЛЬНО – ОРИЕНТИРОВАННАЯ ПРОГРАММА

«Я – И МОЯ ПРОФЕССИЯ»

Программа рассчитана на подростков в возрасте 14 – 16 лет(Российская Федерация)

4. Информационные технологии на уроках математики Колбасова .Л. А, учитель математики и информатики

5. Инновациялық технологияларды кешенді енгізу арқылы оқушылардың шығармашылық құзыреттілігін дамыту
/проблема, ізденіс, шешу жолдары/ Кариева.Г.Ж.-учитель высшей категорий Круглоозерновской СОШ, г. Уральска, ЗКО

скачать dle 11.0фильмы бесплатно