Сын тұрғысынан ойлау әдіс - тәсілінің тәжірибемдегі тиімділігі

Молдасинова Ляйля Мухановна
Оқытушы
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз , әрі алысты барлап , кең ауқымды , жаңаша ойлай білетін осы заманғы бақарушыларсыз біз инновациялық жүйе құра алмаймыз.

Ә.Н. Назарбаев

Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары және колледж білімгерлері. Оларға бірдей талап қойып , олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. сондықтанда мұғалімдердің бүгінгі мақсаты – әрбір оқушыға түбегейлі білім мен олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

«Мектептің тірегі де ,тіреуіде – оқыта білетін мұғалім» , - деп А.Байтүрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын менгермейінше , жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес . «Уақыт талабына сай тиімді білім мазмқнын таңдау және жетілдіру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп алғанда, білім сапасы артады . Жас ұрпақ- біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі, сондықтан бүгінгі оқушының ертенгі ел азаматы болып өсуі мен азаматтық жеке тұлғасының қалыптасуы басты назарда . Осыған орай , ҚР бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын арттыру мақсатында, оны инновациялық техналогиялармен байытуға оқытудың интенцифті сипатын арттыратын құралдармен әдіс тәсілдерді айқындауға және күтілетін нәтижеге бағдарлап оқыту арқылы жеке тұлғаның дамуын қамтамассыз етуге назар аударылуда . (Халық кемеліне келіп , өркендеу үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек),- деген қалқымыздың бір туар азаматы .

Егеменді елдің ертеңі – ұрпақтың оқу білімінің теңдігімен өлшенетіні баршамызға белгілі . Білімді , тәжірбиені , қабілетті оқушы – елімізідің баға жетпес байлығын . Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру , ғылымды дамыту , өркениет біткеннің өзегі , білім , ғылым, тәрбие екеніне ешкімнің таласы жоқ .

Тұтас қауымдар- адам тағдыры болашақ ел тағдыры- мұғалім өсіп , дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай , ізденісте болу үшін , заман талабына лайық жаңа білім , жаңа тәрбие керек.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір . Ал оқу үрдісінде инновация сөзі мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен мақсатына жаңа өзгеріс ұғымын негіздеу дегенді білдіреді. Жаңалық жаңа бір өзгеріс туғызбаса , онда оның мазмұны жоқ.

Қазіргі заманның әрбір мектебі мен әрбір мұғалімі білімнің өзіне ғана тән педагогикалық философиясын тандай алады. Бұл тандауа көп нәрсе байланысты болады. «Баланы қалай зорлықсыз оқытсам? Оның мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндіктерін ашуға қалай көмектессем? Оқушы терең ойланып, өз сұрағына жауабын өзі табатындай етіп сабағымды қалай құрастырсам?» осы проблемаларды шешу барысында менің жұмысымның жүйесі құрастыра бастады.

Бүгінгі бала – ол болашақ әлем, сондықтан көп мәселелердің шешу жолын өз сабақтарымда оқушының танымдық және шығармашылық қызметін белсендіретін жаңа технологияларды меңгеріп пайдаланудан көрдім. Өзімнің педагогикалық қызметімде білім ұстаханасы, жобалы технологиялар, интерактивті әдістер сияқты оқыту формаларын пайдалана келе, көп жағдайда оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологияларымен жұмыс жасағанды жөн көремін.

Сын тұрғысынан ойлау – бұл рефлексті және өмірлік жеке тәжірибеге жаңа ақпараттық енгізу жолымен дамитын ашық ойлау. Сын тұрғысынан ойлау тенологиясының ерекшелігі – баға бере алушылық, жаңа идеяларды қабылдауға ашық болу әрекеттері, альтенативтивалар табу және тұрғысынан ойлау тәжірибелерін өмірде пайдалануға бейімділік болып табылады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының базалық модель өз ішінде үш кезеңді қамтиды: ой шақыру, мағынаны ажырату және рефлексия. Бірінші кезең – ой шақыру, қойылған мәселе бойынша оқушылардың бар білімін актуализациялап, бір – бірімен әдіс алмасуға, сол тақырыпқа қызығушылығын оятуға, сабақта және мектепте белсенді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Осы мәселе бойынша бала өз алдына «Мен не білемін?» деген сұрақ қояды да, оның білім алуының келесі әрекеті «Не білгім келеді?» деген сұрақпен ұласып, қалыптасуы қажет. Бұл кезеңде келесі әдістемедік тәсілдерді пайдаланамын: жұптық «Миға шабуыл» және топтық «Миға шабуыл» - мәселе бойынша сұрақтармен жұмыс жасалынады. Мұнда берілген сұрақтармен жұмыс жасау барысы «мен өзім» «екеуміз» немесе «бәріміз бірге» (жұптық және топтық) екі әрекетпен де өте беруге болады. «Аударылып тастаған логикалық цепь» - ақпараттарды өз кезегімен қажетті элементтерін байланыстыру әрекеті, «Еркін хат» - тақырып беріледі, ал оның орындалу ережесі сөз етілмейді, оқушы сол тақырып бойынша ойына келген білімін жазады: бұл тұтас байланысқан мәтін болуы да мүмкін, тірек сөз тіркесіне де болуы мүмкін.

Кластер – бұл объектілер мен құбылыстар арасындағы байланыстардың бірнеше түрлерін көрсететін графикалық құрастырғыш. Кәдімгі жазба жұмысынан гөрі Кластер көлемді ақпараттарды қамтиды, мағыналы тақырыпшалар түріндегі ақпаратты жүйелендіруге тақырыпшалар түріндегі ақпараттарды жүйелендіруге көмектеседі.

Бұл әдістер оқушыларға, бір жағынан жинақталған ақпаратты ұлғайтылған түрде көруге мүмкіндік береді, екінші жағынан, жүйелендірілініп айтылған ой әлі шикі білімдерін анықтап, алда сол ақпаратпен жұмыс жасауға бағытталды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының екінші кезеңі – «Мағынаны ажырату» кезеңі жаңа ақпаратты табуға, оны ой елегінен өткізуге және танысып қойған білімдеріңізбен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде мұғалімнің басқарумен және жолдастарының көмегімен алғашқы кезде қойылған «Не білгім келеді?» деген сұраққа жауабын тауып, оқушылар белсенді түрде өз бетімен жұмыс жасау әрекетін жүзеге асырады. Мұнда мен ИНСЕРТ әдісімен сұрақтар кестелерін, өз – өзіне сұрақ қою, тоқтап оқу әдісін пайдаланамын. Мысалы, мәтінмен жұмыс жасауды ұсынамын: бір оқушы топтағы көршісіне (не толық топқа) мәтінді оқып беріп, түсінігін айтып, талап беру әрекетін орындайды, ал басқалары сол сәтте матрицалық кестеге «V» - мен де дәл солай ойлаймын, «+» - мен үшін жаңа ақпарат, «-» мен басқаша ойлайтын едім, «?» - түсініксіз, мен көптеу мәлімен білгім келеді. «!» өте құнды ақпарат екен деген белгілерін соғып отырады, соңынан басқаша ойлайтын немесе түсініксіз тұстарына қайта оралып талдау жасалынады. Сол сияқты келесі стратегияларын пайданануға болады: «Өзара оқыту» және «өзара жауап алу» - өз – өздерін тексеру жұмысын қамтиды. (мысалы: бір – біріне сұрақ қойып, жауап алу) және «қос қүнделік» стратегиясы бойынша парақ беті екіге бөлініп сол жақ бөлігіне есте қалған және ұнаған нәрселері жазылады, ал оң бөлігіне не себебті және немен ассоциациялануы жазылады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын инновациялық технологияларға батыл жатқызуға болады, өйткені бұл инновациялық оқытудың негізгі өлшемдеріне сәйкес келеді.

Қазіргі замандағы ақпараттардың дауылды толқынында жоғалып қалмау үшін, психологиялық және дене ауыртпалықтарының асуларынан оңай өту үшін әрбір бала өз білімін жетілдіруі мен өз іс әрекетін жоспарлай алуға үйрену керек. Бұл мақсаттарды жүзеге тиімді асыру үшін сын тұрғысынан ойлау техногоиясы көмектесе алады. Мұндай технологиямен өткізілетін сабақтардың түрі түбегейлі өзгереді: өзара қызметтес болу, өзара сенім білдіру және өзара көмек көрсету атмосферасы орнайды. Сабақтар түрленед, оқушының эмоциялық көңіл күйі өзгереді және оның шығармашылық белсенділігі артады.

Менің әдістемедік қоймамда бұл технологияның іртүрлі әдісі бар, алайда оның барлығын бірдей пайдалану мүмкін болмайды. Кейбір стратегиялар шағын топты балаларды талап етеді, кейбір балалар жеке әдістерді қаламайды, кейбір ақпаратты жаңа шығармашыл түрле қабылдағанды ұнатады. Сондықтан жұмысты жеке даралық түрле және дифференциалдық түрде жүзеге асыруға тура келіп тұрады. Сабақтарды материялды ұсынуда өлшемдеп беруге тұра келеді, өйткені барлық оқушының жұмыс жасау екпіні бірдей емес. Ондайда технологиялық кейбір әдістерін адаптациялап, оқушы контенгентіне қарай өзгертіп отырамын. Сонымен қатар, технология құптауымен, оқушылар да өз шығармашылықтарын таныта отырып, менімен бірлескен түрде стратегияларды ойдан құратырып, оларды сабаққа пайдаланып отырамыз.

Баланы оқытуда Сын тұрғысынан ойлау технологиясынан алатын пайдамыз:

1.Оқушы ақпараттарды сынай талдап, бағалай, топтай отырып қабылдайды;

2.Оларға қорытынды жасатып, ойлау қабілетін активтендіреді;

3.Топпен, жұппен жұмыс жасай алу кезінде оқушыға тиімді ойлануға мүмкіншілік береді;

4.Оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруда септілін тигізеді;

5.Оқушының шығармашылық дағыларын дамытып жетілдіреді;

6.Оқушының жалпы пәнге, сабақтарға, оқу процесіне қызығушылығы артады;

7.Түрлі жанрлы мәтіндерді құрастыруға және жазуға оқушының дағдылары қалыптасады;

8.Мол ақпараттармен жұмыс жасауды үйреніп, комуникатикативтік дағдылар қалыптасады;

9.Оқушының өз бетінше аналитикалық іс әрекетке деген және ақпараттық сауаттылыққа деген қабілеттілігін дамытады;

10.Оқушы мағыналық пен жаңалық дәрежесіне қарай ақпараттарды електеп, негізгіні таңдап, қажетсізін бөлектеп тастайды;

11.Қандайда болсын идеялар, фактілер, ұсыныстар қабылданып, оқушы өзінің пікірін «күлкі боламын» демей айта алады;

12.Оқушылар өз – өздерін тексеріп, бағайды, жолдастарының пікірлерін құрметпен тыңдай білуге үйренеді;

13.Ауызекі сөйлеу стильмен өз идеяларын айтып, әдеби тілдегі сөздерді игереді;

14.Мұғалім өзінің ыңғайына қарай әдістерді нұсқаландырып отырады;

15.Басқа технологиялармен үйлестілуге өте ыңғайлы: интернет – технологияларымен, бинарлы сабақтармен, дифференциалды сабақтармен, интеграцияланған сабақтармен;

16.Оқушылар өз идеялары, ұсыныстары, тәжіриберері негізінде өз пікірлерін өндіреді;

17.Мұғалім мен оқушы мұндай сабақтардан қанағаттанушылық алады, түсінушілік пен қызметтестік орнайды;

18.Сабақта психологиялық жылы орта орын алады;

19.Технологияның қолдану аясы кең: тәрбие сағаттары, ата – аналар жиналысы, педкеңестер, семинарлар, сабақтан тыс іс – шаралар;

20.Сабақта оқушы мен мұғалім әріптес немес серіктес болып, ұраншы болудан қалып, араларындағы кедергілер жойылады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының аталған әдістерін пайдалана отырып, біз күрделі мәселелерді шешуге жол ашамыз: оқытушы қызықты етеміз, әлеуметтік табыстарға қол жеткіземіз, кез келген мәселені шешуде сынай ойланатынтұлғаны тәрбиелейміз.

Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы қадамдар білім беру үдерісіне жан-жақты өзгерістер еңгізуді ұсынып-ақ жатыр. Мен үшін бұл курс барлық инновациялық әдіс-тәсілдерді жан-жақты қамтыған жаңарулар мен жаңғыруларға толы болды. Қазіргі таңда оқушы ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұрға. Бұл біліктілікті арттыру курсы мен үшін ерекше әсер қалдырды. Мұнда бұрынғы іс-тәжірибемді жалғастыра отырып, курстан алған әдіс-тәсілдерімді жандандыра түстім. Мен үшін «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы» оқушыларымның білім деңгейін көтеруде, шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуды, тез арада дұрыс шешімдер шығаруға айтсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама болды.

Бір сабақтың барысында бірнеше әдісті кезектеп, тиімді, оқушыны жалықтырмай жүргізуге болады. Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыларға игерту әрине, оңай емес.

Бұл бағдарлама мен үшін құнды болды. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын тиімді пайдаланған жағдайда бағдарлама барлық жастағы балаларға кез-келген мазмұнға сын тұрғысынан қарым-қатынас жасауда үйретері мол. Өздігінен шығармашылық ізденістерін арттырып қана қоймай, жаңаны, ақпаратты меңгеру мақсатында табандылық пен төзімділкке үйретеді, жетістіктерге жету мүмкіндіктері артады. Өйткені олар сенімділікпен жұмыс жасауды, бар ынтасымен оқуға пікірлерді тыңдау мен құрметтеуді, өз пікірін ашық білдіруді, жауаптар мен іс-әрекеттерді саналы таңдауға да талдауға да үйренеді. Кез-келген іс-әрекетті рефлексиялық тұрғыда талдауға да дағдылану процестері де қалыптаса бастады.

Ұстаз атты ұлы тұлға болуды бала кезден армандап, сол арманға қол жеткізу жолында қызық та, қиын кезеңді бастан өткерудеміз. Дегенмен, баланы оқытуға арналған еңбек жолы мұнымен шектелмек емес. Нағыз шебер ұстаз үнемі ізденісте жүріп, жаңашылдыққа жаны құмар, өзгеріске бейім болуы тиіс. Уақыт алға жылжыған сайын, заман талабы өзгеріп, білімге деген қажеттілік арта түсуде. Әдетте «қазіргі заманның балалары бұрынғыларға қарағанда ақылды» деп айтылып жатады. Иә, мұнымен келісуіміз керек – ақ. Жаһандану заманында түрлі техникалық құралдармен қаруланған заманауи оқушылар сұранысы өзгеше. Біз, мұғалімдер, еліміздің болашағы болар балалардың оқуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды басты міндет етіп қоюымыз керек. Қазіргі таңда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі білім беру мазмұны өзгеруде, әдіс-тәсілдер жаңарып, жаңа көзқарастар, жаңа талаптар, жаңаша ойлар пайда болуда.

Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттілігі туындайды.

Оқушыларыма мен алғашқы күннен-ақ топта тиімді жұмыс жасау, сабақ кезінде ашық сөйлесу үшін өз позициямызды жасыруға көмектесетін жекелік сөйлеуден қашып, өз ой – пікірімізді ортаға салудың қаншалықты маңызды екендігін айтып түсіндірдім. Сондықтан балалар, көп сөздерді былай ауыстырамыз: «Көптеген адамдар ойлайды», - деген сөздің орнына «Менің есептеуімше,..... «Кейбір адамдар былай деп ойлайды» - дегеннің орнына «Мен ойлаймын».

Өзгелерге қатысты пікірлердің нақты дәлелмен (репликамен) ауыстырамыз. Мысалы, «Көп адамдар мені түсінбейді» дегенді «Жанат, Фарида, Алтынбек, Азамат мені түсінбейді» деп ауыстырудың тиімді екендігін айтып түсіндірдім.

Топ жұмысы кезінде нені сезінсек соны ғана айтамыз және не болып жатса сол туралы ойланамыз, яғни тек шындықты. Бұл ереже сендерге өздеріңе және өзгелердің әрекетіне қатысты сезімді ашық білдіруді сипаттайды. Әрине, ешкім топ мүшелерінің пікіріне ренжімейді. біздер оларға пікір айтқаны, шынайылығы, ашықтығы, жасырмағандығы үшін тек қана алғыс сезімімізді және қуанышымызды білдіру қажеттігі айтылады.

Топтағы болып жатқанның барлығының жасырын болуы.

Сабақ кезінде не болса, соның барлығы ешқашан топтың сыртынан тыс шықпауы керек. Сабақ кезінде басынан кешкені (өмірмен байланысты) ешкім басқа біреуге айтады деп ойламаймыз. Бұл біздеоге ойымызды ашып айтуға және еркін ашылуымызға көмектеседі. Біздер топ мүшелерінен басқа адамдарға әңгімеміздің мазмұны белгілі болып қалады деп қорықпаймыз. Біздер бір-бірімізге сенеміз әрі толық топқа сенеміз. Ал енді мен өз тәжірибемде осы жеті модульдің қалай қолдандым? Мен жалпы мақсатыма жете алдым ба? Мен қаншалықты осы әдіс-тәсілдерді меңгердім? Әрине кемшіліксіз сабақтың болуы сирек кездеседі. Мен тәжірибе уақытынжда өз мүмкіндігімше жеті модульді тиімді пайдалануға тырыстым. Маған осы әдіс-тәсілдердің ішінде тиімді болғаны және пәніме байланысты жиі қолданғаным – диалог арқылы оқыту мен АКТ – ны қолдану болды. Нәтижеге бағытталған жаңашыл оқушы моделін қалыптастыруды оқу – тәрбие процесіндегі әрбір сабақ сын тұрғысынан ойлауға негізделуі шарт. Мақсат осына толық меңгеру. «Диалог арқылы оқыту» немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» тәсілдері жаңа әдіс – тәсілдерге жатады. Диалог негізінде оқушы сөйлеу мәдениетін үйренеді, ашылады. Мұғалім алдында ойын ашып айтуға, өз пікірін білдіруге бейімделеді. Заманауи оқудың тестік жүйесінде оқушының бұрынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда аз сөйлейтіні белгілі. Ал осы жерде диалогтың маңызы зор. Мейлі ол мұғалім мен оқушының арасындағы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог болсын, мұның берері мол. Оқушының ой-өрісі кеңейеді, мәлімет алмасу үрдісі жүреді. Бағдарлама негізінде жасалған Мұғалімге арналған нұсқаулық еңбегінде жаңа тәсіл «Қалай оқу керектігін үйрету» деген атаумен белгілі. Бұл тәсіл оқушыға өз бетінше ізденіп оқуды нені қажет екендігін өзі табуды, білім алдындағы жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.

Бүгінгі XXI ғасыр мектебінің түлегіне қауым аса жауапкершілігі мол талаптарды қоюда. Бұл үшін ол: өз бетімен білім ала білу керек; өз тәжірибесінде пайдалана алу қажет; түрлі ақпараттармен жұмыс жасай алып, оларды талдай алуы, әдіс алмасуы, дәлелдей алуы керек; мәселелерді шекшудің тиімді жолдарын тауып, өз бетінше сын тұрғысынан ойлай алуы қажет; әртүрлі әлеуметтік топтарда қатынасқа оңай түскіш болуы және өмірдің аумалы – төкпелі жағдайларында коммуникабелді болуы тиіс.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно